Тіл

Иман

Жігіттік шағынан сұлук жолында

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Жігіттік шағынан сұлук жолындаҚызмет етіп өтті ықыласты бір жан.Әурад жібін пірдің қолынанАлып, ұшты кең жайып қанат.Сайр мен жазба ішінде кемелдік тапқанда,Көзінен көтерілді бірме-бір перде.Оған қызыға қарап хал иелері,Түрлі сауал беріп, күтер еді жауап:«Ұзақ жол бастыңыз сафа сайрында,Зікір сөзін көңілге жазып.Бізге баян етіңіз, қызмет жолындағыЕң қымбат өсиетті, мейірім көрсетіп!..»Бас иіп ақырын сөз қатты сәлик:«Бұл жол бітпеді, әлі бар сапар…Қорқамын болудан бір күні халақ,Көрдім әр қадамда қатаң қатер.Өмірім ағашында піскен жемістіСізге ұсынамын, мән беріңіз –Осы жолды мақсат еткен екенсіз,Біліңіз: қыл үстінде жүргенмін үнемі.Пендемін: өмір сүрдім шөгіп қамыма,Кейде тасып-толдым, кейде шаршадым.Ісіме мас болған сәтімдеКүнә қамшысының астында қалдым.Міне, тыңдадыңыз, әй, тақуалар,Ең ғаріп халімді еттім баян.Одан да ғаріпірек мынау хал:Жоқ мен қамшы жемеген бір сәт!..»Акром МАЛИК

3 440рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.