Иман
Ғибадатта шабыт жоқ, сезім жоқ, Құдайым,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Ғибадатта шабыт жоқ, сезім жоқ, Құдайым,Көңілде қорқыныш деген иіс жоқ, Құдайым,Истиғфар ізінен із жоқ, Құдайым,Қандай құлың болдым, халімнен аң-таңмын,Тастай көзіммен жансыз, әлсізбін…Өмірім шөлінде не тақуалық таптым,Амал етейін десем, не пәтуа таптым,Өзімді жазылмас, емсіз таптым,Өлсем, не пайда, ақыр, қазір де өлікпін,Әлі тірілмеген дертке көмулімін.Сөздерім тас сияқты басымнан басты,Тастар қабырғадай басымнан асты,Бүлік мас етті, есуастығым тасыды,Өті күйдірген есуаспын мен,Өз нәпсісінің ғашығы – шайдасымын мен.Бір ісім жоқ, қате болмаған,Қате дедім, шынында, өзім мұбтала!Шайтан шәкірттікке жарамас тіпті,Айламның тұзағын тоқыған өзім,Мекер кітабын оқыған өзім.Жүрекке өкініштен шәрбат езбедім,Тәубе аңғарларын әлі кезбедім,Кесілдім, бірақ Сенен үміт үзбедім,Рахмет арқанын кеспе, Раббана,Шайтан тұзағына аспа, Раббана.Саған оңай – ашсаң кәшф есіктерін,Көрсетсең істердің ізгі, сауабын.Жинасаң маңыма Сен Хақ достарын,Шіркін, Хақ жұртының иті болсам ғой,Олардың ізінен жоғалып өлсем ғой…Бәле жіберме, бәледемін ғой,Сарсаң рухыммен жер аударылғанмын ғой,Өз жүрегімнің өзім жендетімін ғой,Сенен тек құтылу күтемін, Тәңірім,Өлі тәнге өмір күтемін, Тәңірім!..Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.