Иман
Күнә қылған мүмін бекер аһ шекпес,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Күнә қылған мүмін бекер аһ шекпес,Өйткені «гүнаһ» сөзінің «аһы» бар.Күнә көңіл ішіне тікеннен өзге екпес,Сондықтан жасы бар қылмыскер көзінің.Күнәнің үш түрін етейін сипат,Өйткені серігіңді білгенің жақсы.Жарты өміріңді оған жұмсапсың,Жартысы өкінішке болар сый.Күнәнің алғашқы түрі көзден жасырын,Тіпті өзің одан боларсың бейхабар.Соңыра өзің білген, не қасақана қылғанКүнә – сол істен азаптар туар.Соңыра ел-жұртқа ашық қылмысың,Жақсы-жаман одан бірдей хабардар.Бұл күнәмен тіпті аталып атың,Дағы тағдырыңа төндірер қатер.Саған бұл ілімді еттім қысқаша,Енді егжей-тегжейінен сөз ашайын біраз:Терең біл: негізі осындай хал –Күнә – бір ағаш, алып, биік.Бұл ағаштың тамыры – жасырын күнә,Діңі – өзіңе аян қылығың.Мың рет зар болсын, жүз мың рет аһ,Жемісі – сол істің аян болуы.Жасырын күнә – ғапылет пен шәһуат,Тәкаппарлық пен рия – оның болмысы.Көздерің соқыр болып, ойлайсың тек –«Менде адамзаттың ұлылығы».Ешкімді назарға ілмейсің әсте,Әр кімді өзіңнен санарсың төмен.Қор, кемтарлардан болдым деп әзиз,Өзіңді білесің бәрінен епті.Хақ сөзге бір сәт те етпессің төзім,Ешкімде көрмессің береке мен пазылды.Мадағыңа көрсетіп биік адалдық,Көздейсің алғысқа толы мекенді.Сонша ғапылетке батарсың терең,Өз халің өзіңе мүлде көрінбес.Батпақтың дәмінен рахат алып,Тәнің құтылуға тозаңдай ұмтылмас.Сонда еркің кетер дыбыссыз, үнсіз,Қатарынан күнәлар жасарсың.Бірақ сол күнәні білмес ешкім,Әрі қайтайын дейсің, бірақ шамаң келмес.Әр жолы ұжданың шегер азап,Әр жолы күнәдан етерсің тәубе.Бірақ күн өтер, халің нашар,Күнәға батарсың себепті-себепсіз.Бірақ ішіңмен сай келмес ісің,Тағы тілден кетпес ғайбат пен бүлік.Барған сайын көбейіп жаман қылығың,Енді ел-жұртқа әшкере болады, ойбай.Сондықтан ең алдымен өкініш жеӨзің де білмеген күнәң үшін.Күн сайын қасыңа жап-жалғыз кел,Ойлан – не дедің, не қылдың бүгін.Әрдайым тырыс хабардар болуғаӨз халің, жағдайың, қызуыңнан.Жығылма өзің қазып құдық,Айырылып санаң мен парасатыңнан.Егер әлсіз болсаң бұл іске, сірә,Әр кім өзіне келе алмас жалғыз.Бір мүршид даргаһын ет отан,Өзіңді тапсыр оған тізе бүгіп.Бәлкім, Құдай саған етіп мейірім,Бәлкім, жетіп қалса пірлерден назар.Бәлкім, ашылса һидаят жолы,Бәлкім, азайса жолыңдағы қатер.Раббым, бар халім Өзіңе аян,Қай сәтте ақылым кетіп қалды екен –Ұялмай бұл сөздерді еттім баян,Күнәдан сөйлеуге батылдық еттім.Кешір бұл батылдығымды, кешір, Құдайым,Құлыңмын өзін танымаған.Рахметің бағынан берсең орнымды,Мейлі, сол бақта болсам уыс топырақ...Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.