Өмір
Қиғаш ашылғанда ащы өмірдің
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Қиғаш ашылғанда ащы өмірдіңБолаттан жасалған ауыр есігі,Бір бозбала тыңдап байсалды зарды,Жүрегінде тербелді қорқыныш бесігі.Жасы үлкен жаннан сұрады сол үшін:«Маған хабар беріңіз, әй, әзиз адам!Өмір салмағын сездім бүгін,Жүрегімде оянды қатты алаң.Не қылсам, азабым азырақ болар,Не қылсам, қатеден тұрамын алыс?!Не қылсам, туғанымның жүзі күлер,Әрі ұстай алмас сан шайтани тұзақ?!»Қысқа жауап берді ұлы қария:«Ол үшін есею керек, ботам».Жігіттің жүрегі қасіреттен күйіп,Деді: «Есею не! Айтыңызшы, әке!»«Ең алдымен сақта айбынды мәнеріңді,Әрбір сөзің үшін болсын таразы.Сонда обал кетпес қымбат сөзің,Жақсы әрдайым сөздің азы.Сонда есеюге басарсың қадам,Ашылар айбынның табалдырықтары.Әрі болғың келсе шын үлкен адам,Тыңда насихаттың інжу-маржанын.Яғни біреу салса жүрегіңе қанжар,Біреу тастап кетсе босағаңды кенет;Дәл сен өлгендей халіңнен хабарАлмаса бір күні ең жан досың;Ішің сөздерге толып кетсе де,Ашып айтуды қаласаң да,Қарап саған қараған қара көздерге,Жай ғана тағдырды тамашалап,Даусың шағыммен шықпаса мүлде,Тіпті күлкіні де бермесең қолдан,Енді есейгенің болсын құтты,Енді үлкен адам аталарсың, құлыным».Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.