Иман
Қабірде қалғанға ұқсаймын кейде,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Қабірде қалғанға ұқсаймын кейде,Айнала тыныштықта, өзім жап-жалғыз.Саған сүйенемін, Құдайым, жалғыз,Нұр бермесең, өмірім мүлде қараңғы.Көзімді толтырар ғаріптік жасы,Кімсіздік бұрышында қалдым мұңайып.Батып достардың да мейір күні,Тәнім қадам басар әлсіз еңкейіп.Кімді сүйсем, оны жоғалттым, әттең,Махаббат десе, жүректе оянар үрей.Айрылық даласы болған соң басымда пана,Сүюге көңілдің батылы бара ма?!.Бұл қандай іс болды – әлсіз ақылым,Ғашықтығым бар-жоғымды етуде халақ.Кімді сүйіп, оған ұмтылса жүрегім,Одан басыма жауар бәле.Бірме-бір тастап кетті кімді сағынсам,Оларға еріп, ақыл-есім ғайып.Келіп көр, әй, айрылық, нашар халімді,Азаптан қазына жинап, кеттім байып!«Сүйме» деп жүрекке беремін пәрмен,Бірақ мойынсұнуға бөтен ол.Ғашықтық жүзі шаншылып, дария болған соң қан,Кім айтар: қанішер кім, кім – өлтірілген?!Тек ұзақ аһтар өрлер көкке,Тек ұзақ түндерде харам ұйқы.Жүректі толтырып қып-қызыл шоққа,Халіме аянып жылар қайғы.Аһым сүйіктіме жетсе, жеткілікті,Бақыттымын: «Кім, – десе, – бұл дәрменсіз кісі?»Айрылық дарына асылдым, бәлкім,Ғашықтық шейіттігіне лайық көрілсем!..Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.