Тіл

Отан

ТЕМІР ТҰЗЫҚТАРЫ ЖЫРЫ

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Хамд2НағтҚұдайдың әмірін орындап өтуЖер жүзінің қағаны болғаннан жақсы.«Сүй» деп жерге жүзіңді тосуТәж бен тақ құшағында өлгеннен жақсы.Өйткені бұл – Расулулланың сүннеті,Оның сүннетінде мүлде жоқ кемшілік.Он төрт ғасыр бұған әділ куә –Әзиз – сүннетке ерген адам.Машақатты дәуір, зұлымдық заманы –Меккеде мүміндер қан жұтар еді.Ең арзан тауардай мұсылман жаны,Иман адамдарды қорқытар еді.Жиналды Меккенің ақсүйектері,Етті бастары қатып кеңес:«Не қылсақ, Мұхаммедтің дәрменсіздеріДінінен жүз бұрып шегер қасірет?!Жыланның басын жаншу – жақсы іс,Бұлақтың көзін жаба алсақ, шіркін.Мұхаммедтің сөзі – қандай әуен,Оның да тілін таба алсақ, шіркін!Сұрап көрейікші, не қалар екен ол,Бәлкім, бай болуға құмарлығы бар?!Алтын мен күмісті егер армандаса,Берейік, сонымен тыныш болсын, ақыр.Еркектің қуанышы – әйел, әлбетте,Сұлу арулар – жанның рахаты.Егер сұлуларды қаласа Мұхаммед,Берейік, тапсын көңіл шаттығын.Байлық пен күңдер жетпесе егер,Егер талап етсе тәж бен тақ, мемлекет,Уахи деп дінін ұстанбаса егер,Патша болсын, таққа шықсын, марқабат!Оған мойынсұнып иілер сөзсізАрабтардың асылы – құрайыш елдер.Тек бізге уахи, таухид керексіз,Содан бас тартса болды, не тілесе де!Барлығын етеміз оған дайын –Табар даңқ пен атақ, құдірет пен қуат.Сөзіміз – сөз, бұзылмас әсте,Дінінен осы сәтте бас тартсын тек!»Мұндай ұсыныстарға Алла ЕлшісіТіпті пікірін әуре етпестен,Күндіз-түні рахаттан айырылып,Хақтың діні үшін іздеді амал.Яғни Хаққа құлдықтың алдында, әй, жан,Әлем сұлтандығы тең бе, ғажап?!Бұдан артық бақ бар ма, әй, адам,Хақ махаббаты саған егер нәсіп етсе!Әй, Құдайдың Сүйіктісі, уа, Пайғамбар,Әлемнің түйіні, пайғамбарлардың соңғысы!Сізге ғашықтықпен бағынса кім егер,Дүние емес әсте оның мақсаты!Сіз – Рахманның рахметі, һидаят нұры,Қараңғы жолдарды жарықтаған күн.Сіз – бүкіл әлемге Хақтан мейірім,Мүлік пен малакут Сізге мұқтаж.Шаһтар тіпті мың жыл отырсын тақта,Тәж киіп мың жылдар ел билесін.Бірақ Сізсіз қалған дәуірлер жалған,Құрттар жеп бітірер бегі мен төресін.Өйткені Сізге көрсетті құрметінДәл құлдар сияқты бас иіп Темір.Әр жерге жіберіп өз сәлемін,Негізі, саяңызда кешірді өмір.Яғни сүннетіңізді орнатты берік,Сөзіңізді білді әрдайым биік.Сол себепті аяғында дірілдеді дүние,Сондықтан көтерілді көне Самарқан.Әрдайым басына қойған, уа, Расул,Сейіттер әулетінің пәк ұрпағын.Сол үшін Құдай Тағала етті қабылСоңғы сәт жатқанда Темірдің зарын.Яғни армандады сахибқыран жан:Басын қойып жатса – бұл Хақтан сый –Пайғамбар ұрпағы – Сейіт БарақаттыңАяғы астына қабірде, тіпті.Қанша мадағыңызды етсек те, аз,Шіркін, жолыңызбен жүре алсақ мәңгі!Ең алдымен, Сізге әр сәт жетсін, сосынӘулет пен сахабаларға мың салауат, сәлем!Акром МАЛИК

3 110рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.