Тіл

Даналық

Бір ғалым әрі әулие жанның әйелі

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Бір ғалым әрі әулие жанның әйеліТілі ащы еді, мінезі тым ауыр.Еш қысылмастан ерге батылданып,Жиіркенішті сөзбен жүрекке берер еді ауыру.Бұл халден жақын достар еді хабардар,Тіпті шәкірттер де болған еді куә.Дос-жарандар жиналып ақыры бір рет,Ұстазға деді тілектес болып:«Зұлымдық жебесіне кеудеңізді тоспаңыз,Сізге жеткен азар – біз үшін уайым.Мұндай қасіретпен өмірден өтпеңіз,Бізге мүмкіндік беріңіз, табайық сауап.Яғни үйлендіріп қояйық СіздіҚол-аяғы ширақ, тілі тәттіге.Балдай тәтті айтып әрбір сөзді,Шығарсын әрдайым үйдің төріне».«Тағдыр хикметін ақылдар білмес,Қаза істерінде не сыр жасырын?!Аздап тақуа болып, сабыр етсек, болды,Өтіп кетер өмір – ащы ма, тәтті ме.Мен де сабыр етейін, талабым – тақуалық,Ақырет дертін жүрегіме салайын.Тағы арттырмастан басыма дау,Жәннатта хорларға үйлене салайын».Акром МАЛИК

3 270рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.