Иман
Мен өлейін. Өмірдің бәрін ал.
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Мен өлейін. Өмірдің бәрін ал.Көз жасы менікі. Саған – күлкі.Топырақ алсаң, алтын болсын әрі адал,Қайғы не екенін білме бір сәт.Күнәларды арт иығыма түгел,Барлық сауаптардың тағында жаса.Ұлы мәртебелі өзің, әй, асыл зат,Өзіңе гүлдерден пайандаз төсе.Қара, қалтаңда жәннаттың кілті,Ешкімге көрсетпе, бәрінен жасыр.Біз адамдар ішінде көшенің иті,Сүйек тастасаң, қуанып кемірер.Жанталасып жүгір, ұлылыққа жет,Құтты дастарқаннан орын тимей қалмасын.Артыңа қарама, алысырақ кет,Біз шыға алмайық терең ордан.Ешкімге қарама, көз салма әсте,Артқа бұрылмасын алға жүрісің.Әйтпесе, болып қалар әлемге әшкереБіз сияқты қара құлды төмен көретінің.Төмен біл, менсінбе, теуіп өт, тапта,Бізге сол болар ең лайық әдеп.Сен Арштың үстінде ұшқан шағыңдаӨмір сүру – бақыт, кеудеге найза қадап.Сенен өкпем жоқ – сен күмәнсіз,Тек бір ғана жалынышым бар:Өкініш отында күй аямай,Бірақ көлеңкемді де таба алма әсте!..Раббым, жәбірленгеніңе кәрамат ет,Осы дұғамды қабыл ет!Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.