Сабыр
Дәрменсіз, әлсіз бейшара жанға
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Дәрменсіз, әлсіз бейшара жанғаЖала тасын атты жауыз адамдар.Сол сорлы шыдай алмай ар мен ұятқа,Ұзақ уақыт жылады бұл зұлымдықтан.Дұшпан не сатқындар әдетте, үнеміҚанжар сұғу үшін аңдып жатар сәт.Достар да жауға айналып тамам,Есікті жапты қорлап, қатарынан.Жәбірленген қан жылады, жаны шыққандай,Тіпті өмір сүру үшін іздеді амал.Ажалдан ащырақ таудай қайғыданБәлкім, жүрегі болды пара-пара.Құдайға жүз бұрды: «Тәубелер еттім,Тәубемді қабыл ет, Өзің, Құдайым!..Бөхтан тастарына сүріндім,Әлбетте, себебі – қылмысым мен қатем…Жала жапқан кісіге қандай сөзім бар?..Рахметіңе, Раббым, еттім хауала.Өзің бол әр сәтте дос пен медеткер,Тамағыма сыймай қалды зар, нала.Жақсы ғой, бөхтанға болдым нысана –Қылмаған ісімді «қылды» деді.Тастан болсын, Тәңірім, бұл сор маңдай,Достарым тірідей жеді.Шын мәнінде, күнәлар жасап жасырын,Жүргеннен су бетінде алмадай қалқып,Ашық жаламен болып аңыз,Осынша боздау жақсырақ шығар».Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.