Тіл

Даналық

Бір жас жігіт ғариф жанға қарай

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Бір жас жігіт ғариф жанға қарайБарып басын иді, етіп құрмет.Деді: «Әй, мағрифат бағының сәруі,Маған баян етіңіз, құрметті ғалым!Бір насихат етіңіз, есімде қалсын,Бір өмір жүректен болмасын ұмыт.Сөзіңіз нұр болып, түнек жойылсын,Жолдағы қателерді сөндірейін!»Сабырлы назар салды кемел мүршид:«Оттай жанғансың, қызуың шоқ.Ыстық сезімдерге екенсің толы,Ішіңде құмарлықтан басқа ештеңең жоқ.Үш сөз айтайын саған, ұмытпа әсте,Үш сөзден ашылар береке қақпасы.Ең алдымен ниетті пәк ұста әрдайым,Пәк ниет мекені – жүректің тазасы.Ниет бұзылса егер, өмір бұзылар,Өмірің бұзылса, дүниең күйрер.Қам-қайғыларың ұзақ созылар,Өтерсің бір ғимарат тұрғыза алмай.Екінші сөз сол: болма көңіл қалдырушы,Тілің мен қолыңмен қылма зұлымдық.Талан-таражға толы дүние – базар,Базардан шығарсың шақырса өлім.Жастық – өмір жартысы, ойын деп білме!Жарты өмір жүректерді қиратсаң –Түзеймін деп бұзғаның көңілдер үйінҚалған жарты өміріңді өткізерсің сарсаң.Үшінші сөз сол: сабырлы, салмақты бол,Сөз бен шешімде асықпа, қобалжыма.Азап жетсе, күт, бақыт келсе, сыр бол,Бір сәт байсалдылық ығынан шықпа.Біреу шауып өтсе, жүгірме сен де,Қадамыңды жылдатпа да, баяулатпа.Біреу мекенінде етсе мейрам,Қызғаныш кесесінен тамшы да татпа!Жай ғана, әр істің уақыты бар, біл,Әр жердің өз сөзі бар болғаны сияқты.Түсінік пен парасатты шырақ қыл,Көріп тұрсын көңілдің көзі.Асықпа, көтерер бір күні ҚұдайСаған жабық тұрған перделерді де.Асығып несібеден боларсың жұрдай,Асығып тапқаның – жоғалту, қасірет».Ұлы жанның нұрынан көзі қамашып,Тұрып тағзым етті ақ ниетті жігіт.Оның да тәнінен нұр шықты тасып,Өйткені жүрекке кірді інжудей үш өсиет.Акром МАЛИК

3 540рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.