Тіл

Махаббат

Қызу қанды бір жігіт, жүрегі отты,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Қызу қанды бір жігіт, жүрегі отты,Ғашықтыққа құмар, ғашықтық іздер еді.Кейде сапарларда, кейде үйде отырып,Құмарлық жеңіп кеп, ғашықтық іздер еді.Бірақ сезімге қана алмастан«Шынымен махаббатым бар ма?» – дер еді.Сүймей өмір сүруге көне алмастан«Мен де адаммын ба?» – деп уайым жер еді.Бір күні Хақ жолындағы жанға кезікті кенет,Жүрегі жарқырап, етті пәрияд:«Әй, әлем мен адам сырынан хабардар,Мені қайғылардан етіңіз азат.Махаббатқа ықыласым, құштарлығым бар,Бірақ махаббатым бар ма, жоқ па – білмеймін әлі.Қашан көңілде ғашықтық болар орнықты,Қашан махаббаттан өртенеді жан?»Байыппен жауап берді Алланы танушы ғариф:«Жүрегіңе махаббат еткен әсер.Әйтпесе бұл сұрақты тіліңе АллаМүмкін салмас еді, ең болмаса, бұл жолы.Білсең ғой, ғашықтықта қаншалық азап бар,Мүмкін болмас едің бұлайша құштар.Мүмкін емес ғашықтықты еңбекпен табу,Ғашықтықты беруші – Халлақ пен Раззақ.Ең алдымен шын ғашықтықтың шартын біл –Шәһуат пен ашкөздіктен пәк ол мүлдем.Егер тозаңдай ашкөздік болса, күй,Ғашықтық деп ойлағаның – қаза-бәле.Құдай бергеніне ет қанағат,Өзіңде жоқ халге тіге берме көз.Үнсіздік құшағында тап та рахат,Ғашықтық пен құштарлықтан айта берме сөз.Бірақ махаббаттан тәжәллилер бар,Науқас көңіл ішінде жарқырап қалар кейде.Оның аты – шапағат, рахым, әй, жар,Сені тірліктен етер хабардар.Мәселен, бір тапшы асатты алдың,Аузыңа салуға оқталған сәтте:«Пәленше жесе екен» деп тұрып қалдың,Қиялыңды сол ой аулап кетті.Дәлел болар бұл – сен әлі адамсың,Пәк махаббаттың самалы бұл.Өзгеге алаңдап жасар екен жан,Демек, жүрегіңде бар екен шуақ».Акром МАЛИК

4 020рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.