Иман
Бір сәлік жұрттан шекті көп жапа,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Бір сәлік жұрттан шекті көп жапа,Жүзден бауыры пара-пара болды.Тәні мейлі ғой, рухы уай-уай,Пәриядтар ішінде жаралар болды.Оған үн келді ғайыптан кенет:«Сенің антың бар, ғашықтығым шын деген.Ғашықтығы шын құл әсте тартар ма аһ?!Ғашық па ғашықтығына өкініш жеген?!Адамдар азабы ауыртса сені,Немесе алқыстардан қуансаң егер,Демек, өзімшілдігің күресте жеңіп,Ғашықтығың тағдырында бар әлі қатер.Адамдардың тілінен шыққанМақтау мен сөгістің айырмасын ұмытсаң,Демек, сүйгеніңде бар ақиқат,Енді жөн шығар, бәлкім, қауышуды күтсең.Білгін, ғашық жолының сынағы ауыр,Ғашыққа нәпсі – кісен, дүние – тор.Хақ десең, басыңнан жалалар жауар,Өйткені бұл жолдағы әр аһ – қасиетті».Акром МАЛИК

Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.