Өмір
Қаншама тырыссам да, қанша күрессем де,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Қаншама тырыссам да, қанша күрессем де,Мүлдем жеңімпаз болу машақат болды.Көңіл жағынан ісім оңбай,Дерт пен қасірет дағы бауырыма толды.Ешқашан бір істі қылмадым қарапайым,Ешқашан жай ғана салмадым назар.Ешбір адам затын көрмедім тек тәндік,Әрдайым жүрек жұртына еттім сапар.Әрдайым жеңіп кетті көңіл өзімді,Әрдайым сала бердім жүрегіме құлақ.Өмірімде тіпті бір сөзімдіАйта алмадым еш жүректен сұраусыз.Махаббатсыз құшпадым біреуді құшсам,Махаббатсыз ешбір жерге қадам баспадым.Мағыналар көгіне, егер ұшсам,Дерт пен құштарлық болмаса, қанат жаймадым.Тіпті бет бұрмадым әмір етпесе жүрек,Әлемде ешқашан адам затына.Кейде ішіне сыймаса да қыл,Көңіл шөлді ғашықтықтың дәміне.Яғни ол ғашықтық – ғаламнан кең,Бәлкім, үлкенірек жеті қат көктен.Қайғымның бойы күнмен тең,Аһымның жалыны өтті көктен.Дертіме тәуіп жоқ, жоқ амал-шара,Дерттіні дерті бар жандар таниды.Сынып кетсе де қайғы атты тор,Өзімді сақтасам, шіркін, қане.Акром МАЛИК

Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.