Тіл

Даналық

Сенің қайғы шегуіңді қалар ма едім мен?

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Сенің қайғы шегуіңді қалар ма едім мен?Жүрегіңнің ауруы маған керек пе?Жарамас ісіңе қыстар ма едім мен?!Сен үшін жыламаған жүрек – жүрек пе?!.Жемісті емес бұтақты кессе егер бағбан,Жемісті бұтақтарға қуат көбейгей.Сен де бос өсіп кетпе десем, әй, ұлан,Тегеуінің қайралып, қауырсының үрпиер ме?!Бағбанның қолында көріп бақ қайшысын,Мүмкін, бір дірілдеп алады көшет.Бәлкім, біраз ауру шарабын ішіп,Қуатын қалпына келтіреді көшет.Сол себепті, шошыма, қылма күмән,Жендет деп қарамағын бағбаныңа еш.Егер болмаса еді саған тілектес,Тұғияндарың ішінде қойғай еді тыныш.Тұз несібе болса, әлі көп жылдарТәспі түйіріндей бір-бір тізілгей.Жұлмаса шикі жемісті бөтен қолдар,Бір күні жемістер пісіп үзілгей.Бір күні уақыт жеткей – сен де жетіліп,Шырынға толғайсың, тәтті піскейсің.Ағаштың бұтағынан шат құтылып,Ақыры үзіліп жерге түскейсің.Кейін біреу жегей, болғайсың сіңімді,Кіргейсің топыраққа тұқым секілді.Ағаштай өсуге еткенде бекім,Азаптан кейде қалмас дәрменің.Бүгін ауыр келгей мойынсұну жүгі,Тұп-тура сені біреу құлдай ұстап тұр.Басыңнан қорлық топырағын төгіп,Гүлдей тәніңді басып өтіп жатыр.Езілдім, дем деп қылғайсың пәрияд,Мұндай торлардан кетсең ғой қашып!..Бірақ мылқау сияқты аяусыз өмірСаған сырларын қоймағай ашып.Жай ғана үнсіз қарап тұрғай,Аһ-уайларыңды қылғай тамаша.Атылсаң, басыңа қамшы ұрғай,«Қайда барасың, – деп. – Соншама асығып?!»Сол себепті, сенімді бол, айқайлама артық,Деме: «Перделердің артын көрейін!..»Өйткені кемелдікті етер тартуБағбаның қолында ұстаған бақ қайшысы.Акром МАЛИК

3 110рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.