Даналық
Жасы ұлғайғанда ақылдылар ақырын
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Жасы ұлғайғанда ақылдылар ақырынСөздер түйінін түйе бастағай.Келген-кеткенге жымиып жайбарақат,Басын ақырын ие бастағай.Сондай жанға барып жас жігітЖүрегінде қызу, етті сауал:«Неге айтпайсыз ешкімге өсиет,Неге сөйлеуді көресіз ауыр?..»Оған назар салды дана ұстаз,Көрді, қандай ақкөңіл, қандай пәкиза.Жымиып деді: «Қайран да қайран,Дүниеде сөйлеу қалды ма бізге?..Кім болдық, ақыры, батылдық етсекБіреуге сөйлеуге, әдеп беруге?Тақияны бір шетке қойып ойласақ,Сөйлеуге табылмас жөнді себеп.Бірақ кейде азап жаққай іштен,Жалын құшағында шыдау қиын.Сабыр мен төзімің қалғанда күштен,Жылап сөйлегейсің – халің бейқарар.Сонда аһ-уһың кешірімді, әлбетте,Сонда дәрменсіз сені кешіру мүмкін.Әйтпесе, неге әр сәт сату сандырақ?!Неге адамдарға у ішкізу?!»Жігіт деді тағы: «Әй, ұлы жан,Маған машақат Сізді түсіну.Бірақ сөзіңізді алдым жаттап,Ой толғаймын қазір, бүгін-ақ.Бірақ рұқсат беріңіз, бір сұрағым бар,Жауабын білмесем, бауырым қан.Бүгін дүние үстінде не үстем?Бүгін қандай халде тұр адам?»«Пайғамбар болсам ғой, мұндай сұраққаУахи келіп, саған етсем жауап.Бірақ қандай сұлу, сәтті хал,Қолымызда уахи жиналған кітап.Ілаһи сөзді етсең тәдәббур,Ақиқат жүрегіңе етер тәжәлли.Хикмет інжулерін ашып бір-бір,Сөзсіздік тереңіне сүңгисің, тек.Дүниеде өмір сүру оңай емес,Бірақ қиын емес шектен тыс.Шегін білсе, болды, бейшара адам,Аман-есен кешкей осы сапарын.Бірақ заманның істеріне қара:Есін жоғалтқан адамзат бүгін –Әттең, халакетке ашылған құшақ,Іштен тасып келер шайтани жындылық.Көбейгей күннен-күнге қайғы,Адамзат әр жерден іздер салтанат.Онсыз да дүние бір зындан еді,Тарылып барғай бұл зындан тағы.Бірақ үмітіңді жоғалтпағын еш,Өзіңді пәк ұста, опа иесі бол.Дүниенің ащы қорлығынан кеш,Мәңгі сағадат пен бақытқа лайық бол!..»Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.