Иман
Әлі бала еді – балшықтарды кешіп,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Әлі бала еді – балшықтарды кешіп,Таяқтан ат мініп шабатын еді ол.Өкініш уын ішіп көрмеген,Әр сәт мың ләззатты табатын еді ол.Бірақ жаратылысында нұр шашып жігер,Бүкіл болмысын жарық еткен ықылас.Әр сөзден ашып мың бір хикмет,Дертпен жануды етті мамандық.Әсте бола алмады екі жүзді,Уәдесін бұзуға жетпеді күші.Дүние шынжырынан жиі-жиі үзіліп,Бақа көктерінде жүретін ұшып.Ішіне сыймай ашқан сырлары,Әлемде барлығына жеткізсем дейтін.Көңілде әркімнің болса шаңы,Мейірмен түгелдей кетірсем дейтін.Бірақ әлем ісі емес оңай,Дүниенің айласы шиеленіскен.Ақыл мен білімімен әр қандай адамАйла мен қиындықты шеше алмас толық.Болды жаулардың оғына душар,Жеңіп шықты жаулар шабуылынан ол.Тағдыр хикметін ұғыну қиын –Достар шабуылына ұшырады ол құл.Қанмен жуылды бүкіл денесі,Көксінен атылды ал қызыл бұлақ.Біраз уақыт жылады отан,Біраз уақыт қуырды айрылық, қоштасу.Жетіп мәлакуттан ілаһи медет,Ақырындап бітті түрлі жарақат.Бұлттай шегініп қайғылардың аһы,Тәніне қайтты тағы қызу.Деді: «Бізден кешкен әр адам бар болса,Ренжіген болсам егер өз нәпсім үшін –Ренішім ауада қалсын бейқарар,Жарты көңілдерді Хақ етсін бүтін!Егер Құдай үшін болдым наразы,Раббымның алдында жалбарынышым осы:Оларға бермесін азап пен жаза,Кешірсін, кешіріміне мұқтаж әр құл.Менен білім алып, кім іздеп нәжат,Кейін жүздерін бұрды кенет –Осы ілімдерден тауып берекет,Хақ жолдан таймасын ешқайсысы мүлдем.Егер нәпсім үшін сөйлеген болсам,Құдайым мені де кешірсін, әмин.Ерте ме, кеш пе, уақыт жетіп бір күні өлсем,Қатемді түгелдей өшірсін, әмин!»Акром МАЛИК

Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.