Тіл

Даналық

Дүниенің дертін тартпаймын десең,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Дүниенің дертін тартпаймын десең,Иыққа тауларды артпаймын десең,Күн сайын уларды татпаймын десең,Дүние иелерімен сырласпа әсте.Хақтан сөгістерді көрмейін десең,Қорлық көшесінде жүрмейін десең,Өкініш өнімін ормайын десең,Дүние иелерімен сырласпа әсте.Сенің ауруларың оған бөтен,Ол күннің құлы, түнге бөтен.Түннің құлы болса, таңға бөтен,Дүние иелерімен сырласпа әсте.Ғапылдықтың шұңқырынан шыға алмағай ол,Хақ сөзді жүрек ішінде ұға алмағай ол,Ғашықтардай қайғы шеге алмағай ол,Дүние иелерімен сырласпа әсте.Тәнін жаулап алып дүние уайымы,Есінен шыққан ақырет уайымы.Көңіліңе толған опа уайымы,Дүние иелерімен сырласпа әсте.Сенің дәл жүрегіңе қанжарлар сұққай,Қолдары суырғай, аяғы жаншқай.Аспандарың үстінен уларды шашқай,Дүние иелерімен сырласпа әсте.Түнектей қара, тозақтай сұмдық,Әрдайым надандыққа тұтқын болған ес.Тілінің ұшында сақтап жүрер у шаққыш,Дүние иелерімен сырласпа әсте.Ғашық бір күн жанғай, ертең – күл,Бейшара мұң мен қайғыға құл.Нәпсіңнің құмарын аяма, өлтір,Дүние иелерімен сырласпа әсте.Сен – мағыз, ол саған қабық болмағай,Уәдесінде ешқашан шын болмағай.Екі дүниеде де дос болмағай,Дүние иелерімен сырласпа әсте.Акром МАЛИК

3 750рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.