Тіл

Иман

Кеткендерге қош айттық, аман болыңыз,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Кеткендерге қош айттық, аман болыңыз,Келгендерге құшақ аштық – сәлем Сізге!Кімге жақсы, кім үшін жаман болыңыз,Ізгі тілектер толып-тасқан сөз Сізге!Жүрегіңізде жарқырап тұрған нұрды көрдік,Жылуа етер көзіңіздің айнасында.Көңіл ішіндегі жасырын ауру, дертті сұрадық,Серуен етіп айлы түндер сәулесінде.Жүрек ішіндегі терең-терең жараларАзабына шыдай алмай етіп пәрияд,Жеткенде Хақтан сұлу-сұлу инаяттар,Сөздеріңде шүкіраналар болғай бұнияд.Болмаса еді күндеріңде мұңдарың,Қашпаса еді түндеріңде ұйқы ұзақ –Білмес едің не екен кемтік, бүтіндерің,Көрмес едің не екен түнек, не екен шырақ.Тәніңе түспесе еді зілзалалар,Жарылмас еді жүректегі жасырын тау-тасың.Таба алмас едің бағасы жоқ қазыналар –Көз айнаңды жумаса еді ащы жасың.Кейде қарап өміріңе аңырап, таңырқап,Қалай өмір сүріп өттім деп сүргейсің ой.Мұсибаттар болмысыңды қиратқанда,Жылап-жылап үміттерден тұрғызғайсың үй.Көре бергенде әр күн, әр түн сынақ, отты,Жануға да, күюге де үйренесің.Қар жауса, сасқалақтамай тауып амал,Сенім атты кілеміңе оранасың.Мархаматы етсе кенет тәжәлли –Құдайға құштарлығың тасып, тағзым етесің.Өз мінезіңе қайта-қайта айтып, қайран,Бүлігің мен тұғияныңа өкінесің.Кешір, Раббым, дәрменсіздігім – сипатым,Сенен бөлек ешкімім жоқ екі дүние.Сенсіз қалу – қасіретім, апатым,Бір сәт тастап кетпегін, я, Раббана!..Акром МАЛИК

3 340рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.