Иман
Ешкім хақылы емес бірде-бір пендеге
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Ешкім хақылы емес бірде-бір пендегеЖабуға тәубенің есіктерін.Оранып өмір сүр, мейлі, жыртық шапанға,Бірақ сындырма жүректер бесіктерін.Жүректің бесігінде үміт тербелсін,Әр сәт жақсылыққа өссін сенім.Көңілің ең алдымен үміт үйренсін,Хақтың рахметінен тапсын қуаныш.Егер біреудің бейнесі алдап,Көңіл сырларынан хабардар жан депАлдына барсаң да, иілсең дірілдеп,Жыласаң, рухына рухыңды сүйеп.Бірақ түнге айналса бұлтты күнің,Жыртылса, дауылда үміт желкені,Және кенет әшкере болса сыры оның,Аян болса жүрегі тас екені!Білсең, жүрексізге жүрегіңді ашыпсың,Көрсең, соқырларға созыпсың қолың,Мүмкіндігінше жүгір, алысқа қашып сен,Қайтадан іздегін өз дұрыс жолың.Өйткені жүрексіздердің әлемі – түнек,Тек азаптан сөйлер хикая.Қанша жақындасаң оған міндетсіз,Кірлі қайғыларың таппас шек-шегара.Ешбір адамды менсінбегей ол,Әркімді тозақ иесінен білгей.Өзіне тақ жасап аспаннан биік,Сөйлесе, әрқашан аспаннан келгей.Адаспа, алданба, алыстарға қаш,Жүрексіз адамдарда жоқ қасиет.Раббың даргаһында жыла, жүрегіңді аш,Тақуа құшағында ет ізгі ниет.Надандық мастығы тараса егер,Көргейсің, не зындан шұңқырына түстің.Сонда ирфанға қарай етерсің сапар,Сонда мағрифаттың көгінде ұшарсың.Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.