Тіл

Отан

БҰЛ ЖЫРДЫҢ НЕ ҮШІН ЖАЗЫЛҒАНЫН БАЯН ЕТЕДІ

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Ассалам, Бабажан, әй, ұлы Сұлтан!Ұлы Сахибқыран, Жер жүзінің ханы!Сарайыңыздың күмбезі – бұл жеті аспан,Сізде әділеттің абыройы, шаны.Сіз – Кештің перзенті, түріктің тірегі,Тіпті жәбірленгендердің арқа сүйері.Мұнафық өтірікшілердің басын жаншып,Кештіңіз тәубешіл жандардың күнәсін.Рақым-шапағат, ерлік, уәдеге адалдық,Батылдық, қайсарлық, өткір ой –Жеңістен масаттанбай, сынаққа төзімЕте алған Сізге мың алғыс!Шынында, қызметіңіз таңданысқа себеп,Алдыңызда аңырар әр қандай ақыл –Адамзат Сіздей инсапты, ақ ниеттіТағы қай сұлтанды айта алғай?!Езілген бір халықтың ішінен кенетНайзағайдай жарқырап шықтыңыз, Баба!Сізге ариф жандар болыпты серік,Аяғыңызға дірілдеп құлады дүние.Бәлкім, жаратылғаннан бері адамзатМыңдаған хан-қағандар, шаһтарды көрген.Біреуі қанішер еді, тағы бір жанЖаһан ғимаратын айбынды тұрғызған.Бірақ ақыл, әділет, инсап, ықылас,Рақым, түсінік, мейір, қаһар, төзімділік –Бәрін Құдайым Сізге беріп ерекше,Әлемге көрсетті теңдессіз құдірет!Сізге несіп еткен ықбал мен мүмкіндікСирек көрілген Сізге дейін.Бірақ Сізден кейін әлі ешқашанСіздей шаһты қайта көрмеді адамзат.Бүгін алдыңызда басымыз иік,Сізді танымай басты ғапылдық..Дүниенің сахнасында кеудемізді керіпТұру үшін мұқтажбыз, бергейсіз медет!Әй, Сахибқыран, әй, ұлы қаған,Әй, шаһтардың патшасы, патшалардың мақтанышы!Әй, Түркістан әмірі, Тұран мәлігі,Сізге отан бүгін – Самарқанд қойны.Медет беріңіз бізге – халіміз мүшкіл,Нәпсі мен құмарлық торы буады көмейімізді.Сіздің мақамыңыз – тұп-тура сағым,Күннен-күнге сөнердей соңғы шоғымыз.Келіңіз, қолымыздан ұстаңыз, Қыблагаһ,Тастап қоймаңыз бізді зындан мен шұңқырға.Жол бастаңыз, сөз айтыңыз, жүректе пәрияд, аһ,Еріп жетейік жоғары даргаһқа!Ең алдымен ақылды қайрап, жылтыратып,Жүректің айнасына нұр түссін, Баба!Сосын нәпсінің басына ғашық отын қалап,Махаббат көгінде рух ұшсын, Баба!Сіз жазған «Тұзыққа» телміреді көз,Сіз жүрген жолдарды іздейді парасат.Сөзіңіздің үстінен айтуға болмас сөз,Сөзіңіздің мағынасын жаттасын түріктер!Бүгін сөзіңізге мұқтажбыз көбірек,Бүгін сөздеріңіз ақылымызға нұр.Бұл топырақ азат қалуы үшінШарт – алдымен азат болуы сананың.Сіздің каламыңыз құтқарғай жүректіТүрлі кісендерден, құлдық, қорлықтан.Сол себепті пәк ұстап жүректі де, тілді,Біз шыққымыз келді түнектен, жардан.Назым – сұлу бейне, жаттау – оңай,Назымда мағыналар ықшам әрі берік.Сондықтан, рұқсатыңыз болса, Бабажан,Немереңіз қолға алыпты қалам.Мағынасын қашырып қоймай ынтаменҚұтты «Тұзығыңызды» өлеңге айналдырайын,Өсиетіңізбен толы екен жүрек,Ұлы майдандарда арыстандай ақырайын!Бұл өлеңді жаттасын жігіттер мен қыздар,Бұл бәйіттермен шықсын сәбилердің тілі.Кімде-кім ұлылықтың жолын іздер –Осы жырды жаттасын жүрегі.Бәлкім, қайта оралсақ рухыңызға біз,Бәлкім, таба алсақ Сізді, Бабажан.Медет беріңіз, еркін ақсын сөз,«Тұзықтар» назымға айналсын еркін!..Раббым, жазғанымды Сен қабыл етіп,Және елдің көңіліне етсең сүйкімді!Оқыған қорқыныш пен қайғыны ұмытып,Жаудың басына салсын дүрбелең!Сенің Хабибіңді сүйген Темірбек –Хазірет Сахибқыран құрметі үшін, Құдай,Көңілде не тілек болса мақұл, ізгі,Орында барлығын, әр не мұратты!..Жазғанымның мінін жасыр, Құдайа,Берекесін елдерге ет толығымен.Оның жақсылығын беріп бұ дүние,Ақыретте тағы да көрсеткін икрам!Кімде-кім дұға қылса бізге, егер,Әр не сұраса, біз үшін, я, Раб! –Шапағатпен қабыл етіп барлығын,Өзіне де бергін келсе не сұрап!Акром МАЛИК

4 310рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.