Тіл

Даналық

Тілден шыққан сөздерім әдемі-әдемі киінген,

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Тілден шыққан сөздерім әдемі-әдемі киінген,Тілге алсаңыз егер, түсер ойынға секілді.Бірақ мені басады ауыр-ауыр уайымдар,Кеудеме қонып бейне өлексе жеген құстар.Сөздерім жақсылыққа қызмет етсе, шіркін-ай,Азиз жандар оларды құрмет етсе, шіркін-ай.Залымның жүрегін тістемесе сөздерім,Мазлұмның жүрегін жұбатпаса сөздерім;Ақиқатқа жетелеп бара алмаса сөздерім,Көңілдер арасында сұралмаса сөздерім;Оларды жиындарға кіргізуден не пайда,Ойды әр тарапқа жүгіртуден не пайда!Сөздерім өлік болса, қайда көмемін, Құдай?..Көздерім ашық күйде көзді жұмамын, Құдай…Сөздерімді пайдама дәлел ете гөр Өзің!Өлі жүректерге әби-хаят ете гөр Өзің!Оны оқығанның жаны тірілсін бұдан былай,Жолдары пақыр-пәнаға бұрылсын бұдан былай!Акром МАЛИК

3 300рет қаралды

Пікірлер

    Басқа өлеңдер

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.