Тіл

ШЫНДЫҚТАН АУЫТҚЫМА

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

ШЫНДЫҚТАН АУЫТҚЫМА — фото

Өмірде ең дұрыс жолды таңдауға ұмтылу адамға тән. Істеп жүрген істерінің қай бір тұсы қате әрі кемшілікті екенін сезініп өмір сүру ауыр. Шын мәнінде, өз амалдарын тексеру, оларды ақыл таразысымен өлшеп, жүрек айнасына салып, логика қуатымен тексеріп, соған сай іс-әрекет ету адамдар ішінен өте азшылыққа нәсіп етеді. Көп адамдар «істеп жүрген ісім мен өмір салтым дұрыс па» деп сұрақ қоюдан құр қалған. Адам баласы осындай сұрақтармен бірге ғұмыр кешеді. Кейде сұрағына нақты жауап таба алмаса да, айқын бір шешімді пайымдай алмаса да, жүрегінің түбінен бір үн: «Қателесіп жатырсың! Қателесіп жатырсың! Қателесіп жатырсың!» – деп естіліп тұрады. Кісі өз істеріне назар салады, бірақ не қате екенін ұқпайды, ал жүрегі тынышталмайды, жайбарақаттық сезбейді. Міне, осы жағдайда адам баласы шындықты іздеуі керек, бұл азап пен күйзеліс не үшін деп ізденуі керек. Іздеген, әлбетте, жауабын табады, ең бастысы, өтірікке риза болмау шарт. Делік, енді кісі өз жолын тапты. Бір шындықты ашты, бұл шындық оған жайбарақаттық берді. Бұл шындық иманды күпірліктен артық көреді, адамгершілікті жабайылықтан жоғары санайды, рақымды әділдіктен ұлы деп сенеді, әділдіктің зұлымдықтан биік екеніне кәміл сенеді, кешірімнің жазалаудан көркем екенін нақты әрі айқын, ашық әрі анық ұғады, даналықтың ілімнен нұрлы екеніне куә, мейірім мен қаһардың үйлесімін ашқан. Шындық деп аталған нәрсе күпірлікке қатысты болса; адамгершілік пен жабайылықты араластырса; әділдік деп рақымды аяқасты етсе; әділдік пен зұлымдықты ажыратпаса; жазалау деп кешірімді ұмытса; ілімге ұмтылып, даналықты ұқпаса; мейірім мен қаһар арасындағы үйлесімді түсінбесе; ақылдан көрегендік алда жүрмесе, ол шындық емес, керісінше, белгісіз бір түсініктердің қоспасы. Осындай шындықты ашу ниеті жігіттік шақтан бастап адам ұмтылысының орталығында тұруы керек. Ұмтылыстың орталығында тұрып қана қоймай, барлық әрекеттері осы ұмтылыстың түрткісімен алға жылжысын, сонда мақсаттың орындалуынан үміт етуге болады. Адам бұл шындықты ашқанын кейде түсінбеуі ықтимал, себебі шындық өзінің растығын көрсетуі үшін уақыт та қажет болуы мүмкін. Егер адам осындай шындыққа кезіксе, ол бұл шындыққа адал қалуы шарт. Шындық оны күнә мен қылмыстан, қате мен кемшіліктен құтқармайды, керісінше, осы нәрселерден нұр мен жарыққа баруы үшін жол көрсетеді. Қараңғылық пен түнектен құтқарып, нағыз мақсатқа шақыра береді. Сондай-ақ осы шындықтың иесі болып көрінгендерден болған кемшіліктерге қарап, шындықтан теріс айналмайды. Керісінше, осы шындыққа адал күйде өмір сүреді. Сені шындық иесі деп білсек, сен соншалықты қатешіл әрі күнәкарсың, сенің сөзің мен жолың не болар еді демесін, себебі бұлай деу – соқырлар мен қара халықтың қасиеті; екіншіден, саған көрінген нәрсенің шындығы Хаққа аян. Сен пенделік көзбен көрген нәрсеңді Хақ Өзінің Басир сипатымен үздіксіз көріп тұр. Сен сол пенде ісін Хаққа тапсыр, бірақ өзің шындық үстінде тұр. Хақтан және шындық талап еткен істерден теріс бұрылма.

Акром МАЛИК

2 350рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    ОН БЕСІНШІ ТАРАУ

    ОТБАСЫНДАҒЫ ҒИБАДАТ Ғибадат – адам рухының қуат көзі. Ғибадатсыз адамның рухы әлсіз. Ғибадат – Иесінің алдында пенденің бас иіп, өзін қауіпсіз әрі жайбарақат сезінетін сәті. Кез…

    5 мин

    ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУ

    ҚОНАҚҚА БАРУ, ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ КӨРШІЛІК Бірте-бірте халқымыздың санасынан қонақ пен үй иесі ұғымы шығып бара жатыр. Кейбір өзімшілдер адамдарды қонақ етпе деп насихат та…

    6 мин

    ОН ҮШІНШІ ТАРАУ

    ОТБАСЫДАҒЫ ТҰРМЫСТЫҚ БҰЙЫМДАР, КИІНУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ Тұрмыстық бұйымдар – әр отбасына қажеттілік. Оларды бірнеше бөлікке бөліп қарастыруға болады: 1. Ас үй бұйымдары. Бұған…

    5 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.