Тіл

Дүниенің ауыр жүгі – қайғы. Ол жүректі шаршатады, рухты қалжыратады, тіпті болдырған рух өзін тастап…

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Дүниенің ауыр жүгі – қайғы. Ол жүректі шаршатады, рухты қалжыратады, тіпті болдырған рух өзін тастап… — фото

Дүниенің ауыр жүгі – қайғы. Ол жүректі шаршатады, рухты қалжыратады, тіпті болдырған рух өзін тастап жібереді, тік тұрғысы келмейді, сол себепті қайғылы адамдар әлсіреп, жатып қалады. Ең жақсы дос – сен үшін қайғы жұта алатын дос. Шын мәнінде, сенің қайғыңды бірге көтерісетін адам дос деп аталады.

Адам үшін қайғының себептері көп. Ең ауыр себептердің бірі – перзенттің көз жасы мен бақытсыздығы. Ата-ана бұл қайғы алдында дәрменсіз қалады. Ата-анаға қызмет – оларға кешке төсегін салып, таңертең дәрет үшін жылы су дайындау немесе дәмді тағамдармен сыйлау ғана емес, ата-анаға басыңа түскен қайғыларды білдірмеуің – сенің ең үлкен жақсылығың. Есі жоқ, келте ойлы адамдар өз мәселелерін ата-анасының алдына жайып салады.

Одан да абзалы – бақытты әрі шат өмір сүруің. Мәселеге апаратын істерді істемеуің. Шындығында, адам өз қателіктері себепті қайғыға ұшырайды. Күнәлары мен нәпсісіне ерік бергені үшін оның иығына азап тастары қойылады. Егер адам күнәлардан тыйылса, нәпсісін тежеп, Хаққа бағындырып өмір сүрсе, бақытсыз болмайды, әйтпесе бақытсыз болады, сосын ата-ана азап шегеді. Тіпті ата-ана өмірден өткен болса, рухы шырқырайды.

Осы уақытқа дейін ата-аналарымызға жеткізген азаптарымыз үшін олардан кешірім сұрайық. Енді бақытты өмір сүріп, ол қайғыларды ұмыттырайық. Олардың рухы шаршап қалмасын.

Ата-анасын өз қайғыларымен жылатқандарға Алла бар.

Акром МАЛИК

2 510рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    Ертегі

    (Әңгіме) Бір адам қырық жасқа толыпты. Тәні күшке толып, ақылы кемеліне жетіпті. Қолынан келмейтін іс жоқ екен: тауды ұрса, талқан қылады екен. Себебі ол текті отбасында…

    2 мин

    Шындықтың құны

    Бұл дүниенің өтірікке толып-тасығанын білесің бе? Себебі өтірік тәтті. Шындық – ащы. Өтірік – нәпсінің талабы, шындық – Хақтың талабы. Пенде дүниеге Хақты сүю үшін келді. Ал Хаққа…

    1 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.