Ассалаумағалейкум!
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Ассалаумағалейкум!
Кейде ілім алуға қабілеті мен әлеуеті бар, бірақ жағдайы жоқ жастарды көріп, оларға көмектескің келеді.
Көмектесейін дейсің, бірақ мүмкіндігің шамалы болады.
Сонда бұл елдің байлары ақшаларын не істейді екен деген дәмелі бір ой миыңда айналады.
Бәлкім, олар бәрінен жасырын тынымсыз садақа беріп жатқан шығар, біз ғана бейхабармыз.
Бәлкім, олардың іскер миларында басқаларға көмектесу, халықтың ағартушылығына үлес қосу деген ойдың ұрығы да жоқ шығар.
Бәлкім, олар кітап оқу былай тұрсын, әріп танымайтын шығар.
Бәлкім, олар өте артта қалған, шектен тыс рухани жұпыны, шектен тыс қорқақ, шектен тыс тәкаппар, надан, ақшадан құтырған адамдар шығар.
Бәлкім, оларға ешбір насихат әсер етпейтін шығар.
Бәлкім, олардың жүрегінде ақыреттің титтей де қамы жоқ шығар.
Бәлкім, олар екіжүзді, мақтаншақ, аяғы жерден көтерілген, ешкімді көзге ілмейтін өзімшіл, көңіл жаралаушы әрі пасық шығар…
Я, Құдай!
Адасып жүрген шығармын?!
Қалай болғанда да, елімізде бірде-бір бай жастарды оқыту үшін бірде-бір грант беретін ұйым құрмаған, қалай болғанда да, бірде-бір байдың сауатты сөйлегенін естімедім, әлде ойлау деңгейі өте төмендері ғана мінбеге шығатын шығар.
Ақшалыларға жағымпаздық ететіндерден Құдай сақтасын! Өйткені надан ақшалыдан оның жағымпаз иттері мен табан жалайтын күшіктері жиіркеніштірек.
Мұны айтудағы мақсатым мынау: Құдай бізді ілім немесе білім алуда ілімді менсінбейтін әдепсіз, надан әрі мүлде керең ақшалыдан мәңгі-бақи үмітті әрі дәмелі етпесін!
Ілім ғашықтарына Раббымның Өзі медет берсін, әмин!
Акром МАЛИК




Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.