Тіл

Бұл мәтін тамақорлықты өзіне кәсіп еткен пасықтар туралы емес, ар-ұятты әрі абыройлы, инсапты әрі иманды…

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Бұл мәтін тамақорлықты өзіне кәсіп еткен пасықтар туралы емес, ар-ұятты әрі абыройлы, инсапты әрі иманды… — фото

Бұл мәтін тамақорлықты өзіне кәсіп еткен пасықтар туралы емес, ар-ұятты әрі абыройлы, инсапты әрі иманды адамдардың мұқтаждық торына түсіп қалуы туралы. Мұқтаждық – адам үшін нығмет. Ғапылдыққа түскен болса, оянады. Құдайды ұмытқан болса, еске алады. Көптеген мұсибаттар қатарында мұқтаждықтың осындай жақсы қасиеттері бар. Бұдан бөлек мұқтаждық нәпсіңді майыстырады – ол сені басқалардың есігінің алдында көмек сұратып, жүзіңді сарғайтады. Мұқтаж адамның жүрегі дірілдеп, амалсыз күйге түседі. Осы кезде оның зарына – көмек сұрап айтқан сөзіне «ләббәй» деген адамның дәрежесі қаншалықты биіктейтінін білесіз бе? Бір адам айтады: «Ауыр жағдайға түсіп қалдым. Адамдарға пайдаң тисе, керексің. Ілім болсын, қаражат болсын – пайдаң тисе, адам қатарында саналасың. Достардың есігін бір-бірлеп қақтым. Әрине, мүмкіндігі барларға жүгіндім. Сонда бір досым пәленше бөлігін беремін деді. Қаншалықты әсерленгенімді айта алмаймын. Ешбір сөзсіз, түсіндірусіз айтты. Есіме түсірсем, ол әрдайым сондай болған». Мұқтаждықта адам бір жағынан абыройын сақтауы керек болса, бір жағынан қажеттіліктің орнын толтыруы тиіс. Екі жақтан екі қылыш сені шабуға дайын – қайда қашсаң да, бірі сені шабады – ақша сұрасаң, басың иіледі; сұрамасаң, қажеттілік сені қыспаққа алады. Бұл үдеріс – достарды іріктеу үдерісі. Досың саған ауыртпалық түсірмей, сен үшін машақатты көтереді әрі сені аялайды. Ал екіжүзді адам сенің мұқтаж екеніңді біле тұра, саған жетіспеушілік туралы еске салып, өз азабыңды өзің тарт дейді, мұндай адамдар дос емес, ал қарапайым адамгершіліктің өзі басқа адамға мейірім көрсетуді талап етеді. Мұқтаж болмас үшін ешкімнен қарыз алмау керек. Мұқтаж болмас үшін қаржылық қуатың жетпейтін істерге қол ұрмау шарт. Мұқтаж болмас үшін еңбек етуің және тапқан ақшаңды өз орнына жұмсауың талап етіледі. Керексіз заттарды сатып алған адам мұқтаждыққа түседі. Қолыңда ақшаң болмаса, біреуден ақша алып, серіктестік шарттарын шала жасап, іс бастайсың, ал ісің жүрмей қалса, ақыр соңында шала серігіңмен мәселеге тап боласың. Саған онша да қажет емес затты сатып алу үшін несие немесе басқа түрдегі қарыз алсаң, ол ай сайын қаныңды сорып алады. Байлықты Құдай береді, егер қолыңда мол байлық айналып тұрса, сенен сұрауларын күтпе – мұқтаждарды өзің іздеп тап, көмек бер, о-о, бұл істің қандай берекесі болатынын елестете де алмайсың.

Акром МАЛИК

2 010рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    ЖЕТІНШІ ТАРАУ

    ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР Бірінші бөлім Шымылдық және нәзік мәселелер Оңай ақша тапқысы келетін және ұят, ар-иба, абыройды жиып қойған адамдар үшін бүгін ерлі-зайыптылардың нәзік…

    2 мин

    Саясат туралы әрбір адамда нақты әрі қысқа ілім болса, жақсы болар еді. Саясат ілімінен хабардар болу адамның…

    Саясат «сайыстық» деген сөзден алынған. Атбегі араб тілінде «сайыс» деп аталады. Атбегі – атты кемел түсінетін, ат тілін білуге тиіс тұлға. Саясаткер де адамдарды – халықты…

    4 мин

    АЛТЫНШЫ ТАРАУ

    Төртінші бөлім Нан сындыру және той Құдалық істері біткен соң, нан сындыру рәсімі орындалады. «Нан сындыру» фатиха тойы деп те аталады. Бұл салттың мәнін білу үшін тойдың…

    6 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.