Тіл

Құндылықтарға адал күйде өмір сүру оңай емес. Адам өзіне бір ережені құндылық деп таңдап алса, бұл…

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Құндылықтарға адал күйде өмір сүру оңай емес. Адам өзіне бір ережені құндылық деп таңдап алса, бұл… — фото

Құндылықтарға адал күйде өмір сүру оңай емес. Адам өзіне бір ережені құндылық деп таңдап алса, бұл құндылықтан оны ажырату үшін шабуылдар басталады. Бұл өте қарапайым заңдылық. Бір нәрсеге ие боламын десең, міндетті түрде тартып алғысы келетіндер табылады. Сен өзің қалаған құнға лайық екеніңді міндетті түрде дәлелдеуің қажет. Осылайша бұл әлемде әркім өз шекарасын сызуға және оны қорғауға мәжбүр. Ешқашан қандай да бір жетістік не олжа тегін берілмейді, дүние өмірінде бәрінің бағасы бар. Қолыңдағы әрбір нәрсені қорғап өмір сүруің шарт, қорғамасаң, күмәнсіз, одан айырыласың. Өзгелердің көзінше біреудің жеткен белесі не жетістігі оңай келгендей көрінуі мүмкін. Мүлде олай емес – оның артында күрес пен азаптар бар, тек оны біз көрмейміз. Егер оңай қол жеткізілген болса да, қызғанудың қажеті жоқ – ол тез қолдан шығып кетеді. Өйткені адамзат қиналып, жан қинап жетпеген нәрсесіне өте бейжай. Құндылықтар да дәл солай – жас жігіт, зейінді әрі ынталы жігіт, мысалы, түрлі ғұламалардың сұхбатында болады, кітаптар оқиды, түрлі өмірбаяндармен танысады және өзі үшін адамгершіліктің әдемі өрнектерін сызады – мен адал боламын, мен шыншыл боламын, мен материалдықты емес, руханиятты жоғары қоямын, мен сатқын емес, адал боламын, мен жауапкершілігі мол әрі күшті боламын және т.б. Осылайша, жігіт өзіне құндылықтар таңдап алды, сұрыптады және менің құндылықтарым бар деп кердеңдеп, әлемге жар салды. Бұл байлыққа дереу шабуыл басталады – өмір сені сондай күйге салады, адал болу қиын болады; сондай зұлымдыққа ұшырайсың, өтіріктен басқа жолың қалмайды; сондай мұқтаждыққа түсесің, руханиятыңнан бірте-бірте бет бұрасың; нәпсі мен шайтан сондай айла жасайды, бүліктер иірімінде қалып, өзің байқамай опасызға айналасың; соншалық шаршап, әлсірейсің, жауапкершілік сен үшін түске ұқсап қалады; иығыңа көзге көрінген және көрінбеген жүктер үйіледі, әліңнен тайып, мен әлсізбін деуіңе тура келеді. Және осы сәтке келгенде қарасаң, құндылықтарың талан-таражға түсіпті; бірде-бір құндылығың қалмапты – міне, соны айтады ғой, қолыңдағы байлыққа міндетті түрде қол сұғылады деп. Бұдан шығатыны, сен құндылықтарды ойланып таңдауың керек; таңдап алдың ба, оларды әрдайым қорғай алуың керек; ол үшін ұлылардың, саған шынымен қамқор болатын бір кемел тұлғаның нұсқауларына құлақ асуың жөн. Таңертең оянғанда адам баласы мен бүгін күнімді жақсы мінездермен өткіземін деп ниет етсе, кез келген жағдайда бір рет терең дем алып, содан кейін сөйлесе, көп машақаттың алдын алатын шығар.

Акром МАЛИК

1 800рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    ЖЕТІНШІ ТАРАУ

    ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР Үшінші бөлім Ердің әдебі Кітаптың алғашқы беттерінен бастап отбасының басшысы – ер адам, күйеу деп қайта-қайта атап келеміз. Әйелдерді мәңгі жәбірленуші деп…

    5 мин

    ЖЕТІНШІ ТАРАУ

    ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР Екінші бөлім Жалпы ережелер Ер мен әйелдің отбасында өзіндік міндеттері, мінез-құлқы болумен қатар, екеуіне де ортақ ережелер бар. Бұл ережелерді әрбір отбасында…

    4 мин

    Бұл мәтін тамақорлықты өзіне кәсіп еткен пасықтар туралы емес, ар-ұятты әрі абыройлы, инсапты әрі иманды…

    Мұқтаждық – адам үшін нығмет. Ғапылдыққа түскен болса, оянады. Құдайды ұмытқан болса, еске алады. Көптеген мұсибаттар қатарында мұқтаждықтың осындай жақсы қасиеттері бар. Бұдан…

    2 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.