Тіл

Адам өмірінде сөз аса маңызды. Жеңген адамдардың әрқайсысы сөзіне мән бергендер. Жеңілгендердің бәрі сөзіне…

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Адам өмірінде сөз аса маңызды. Жеңген адамдардың әрқайсысы сөзіне мән бергендер. Жеңілгендердің бәрі сөзіне… — фото

Адам өмірінде сөз аса маңызды. Жеңген адамдардың әрқайсысы сөзіне мән бергендер. Жеңілгендердің бәрі сөзіне немқұрайлы қарағандар. Кім өз сөзін қадірлесе, оны бәрі қадірлейді. Кім өз сөзін аяқасты етсе, аяқ астында қалады. Сөзуар деген ат – ең жағымсыз ат. Аз сөйлейтін деген сипат – ең жақсы сипаттардың бірі. Сөйлеудің кейбір ережелерін атап өтеміз. Біріншіден, адам білетін нәрсесі туралы сөйлегені абзал. Білмейтіні туралы айту адамның абыройын түсіреді. Екіншіден, адам білетін сөзін де ең қажетті жерде айтсын. Кейде шындық зұлымдыққа да себеп болады. Барлық әділдік пен мейірім бұл дүниеде шыншылдықпен жүзеге шықпайды, өтіріктің кейбір жағдайларда жақсылыққа қызметі бар. Сол себепті адам шын сөзді айтып жатырмын деп бар сөзді айта беруі мақсатқа сай келмейді. Үшіншіден, басқалардың абыройын сақтау арқылы адам өз абыройын сақтайды. Адамдардың абыройын жерге ұратын сөздерден сақтанған жөн екен. Адамдарға шынайы қамқорлық – тіл арқылы олардың жүрегін жараламау және қадір-қасиетін жерге ұрмау екен. Төртіншіден, қойылған сұраққа жауап беру, артық егжей-тегжейге бармау жақсы қасиет саналады. Бесіншіден, адам тіпті өз перзентінің де көңілін ескеріп, жақсы сөйлесе, жеңісте болады екен. Маған пәленше жақын ғой деп тілге ерік беру жақындардан айырылуға әкеледі. Сөз арқылы жыланды інінен шығаруға болады екен, демек, әдемі әрі мағыналы сөзбен жүректер жаулап алынады, мақсаттар орындалады. Алтыншыдан, балағат сөз қолданғандарға жауап бермеуден артық көркем мінез тәжірибеде көрілмеді. Біреу адамды түрлі айыптармен орынды-орынсыз айыптап, сөз оғын жаудырса, үндемей ол жерді тастап кету ең ақылды шешім болады екен. Өйткені наданға жақсы сөз әсер етпейді; ал жаман сөз көркем мінезге қайшы. Алтыншыдан, көптеген жала мен айыптауларға қатысты үнсіз қала білуден үлкенірек айбын ашылмады. Негізсіз сөздерге үндемей кетудей ұлы мінез табылмады. Артық сөйлеу, жасанды шіренулер, ақылымды және білімімді көріңдер деп сайрап тұру сияқты аянышты көрініс жоқ. Сөз тек қажет саналған сәтте қолданылса, мақсатқа өте тез жеткізеді; қажетсіз қолданылса, мұқтаж кезде сөзден пайда келмейді. Сөзіне қожа болған өзіне ие шығады, яғни басқа ешкімге бас имейді. Тілден шыққан сөз не жау, не дос. Бекер жаңғырса, ол ысырап етілгендіктен сенің жауың; қажетті жерде қолданылса, сөз өмір бойы сенің қызметіңде.

Акром МАЛИК

1 840рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    ЖЕТІНШІ ТАРАУ

    ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР Төртінші бөлім Әйелдің әдебі Қазір кейбір «дана»лар әйелдер көбіне күйеулерінің зұлымдығына ұшырайды, ей әйелдер, зұлымдыққа төзбеңіздер деп ауыздарынан көбік…

    6 мин

    ЖЕТІНШІ ТАРАУ

    ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР Үшінші бөлім Ердің әдебі Ер адам үшін ең бірінші мәселе – не үшін өмір сүріп жатқанын шешіп алу. Егер бұл мәселе сенімді әрі нақты шешілмесе, кез келген қағидат…

    10 мин

    Құндылықтарға адал күйде өмір сүру оңай емес. Адам өзіне бір ережені құндылық деп таңдап алса, бұл…

    Өзгелердің көзінше біреудің жеткен белесі не жетістігі оңай келгендей көрінуі мүмкін. Мүлде олай емес – оның артында күрес пен азаптар бар, тек оны біз көрмейміз. Егер оңай қол…

    2 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.