Тіл

Тәуелділік – жаман бәле. Қандай да бір зиянды әрі тыйым салынған іске беріліп кетудің аты – тәуелділік. Құдай…

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Тәуелділік – жаман бәле. Қандай да бір зиянды әрі тыйым салынған іске беріліп кетудің аты – тәуелділік. Құдай… — фото

Тәуелділік – жаман бәле. Қандай да бір зиянды әрі тыйым салынған іске беріліп кетудің аты – тәуелділік. Құдай мен пайғамбар қай істен тыйған болса, қай істі ақылды әрі дана, пәк әрі ұлы адамдар ұнатпаса, сол істе адам мен адамзат үшін қатер бар. Ол істің азы да, көбі де адам баласын ауыр жағдайға салады. Мұндай істерден адам өзін сақтауы үшін оған ақыл берілген. Ақылды қорғау және өсіру үшін әдеп пен мінез берілген. Әдеп пен мінезді меңгеріп, өмірге қолдану арқылы ақыл молаяды, ақыл көбейсе, дамыса, адамның өзін қауіпті кеселдерден сақтауы жеңілдейді. Әдепті өзіне басты өлшем әрі ереже еткен халықтардың маңдайы жарық, өмірлері қайғыдан ада. Әдепті қажет деп санамағандардың күндіз-түні тәнінде ауыртпалық бар. Адам ең жаман істерден де әдеп арқылы құтылып кетсе, таң қаларлық емес. Әдеп пен ұят – егіз. Әдеп (көпше түрі – «одоб») – әркімге және әр нәрсеге лайықты қарым-қатынас жасау. Ұят – лайықсыз істерге рұқсат бермейтін сезім. Ұят – қалқан, бұл қалқан қолдан түссе, жаулардың шабуылынан күйреу болады. Әдепке кейбір мысалдар: ата-ананың алдында аяқ созбау, малдас құрып отырмау; кітап бар бөлмеде жалаңаш болмау; адамдар арасында жеңі қысқа киім кимеу; кітаптарды жерге қоймау; кез келген жерде дауысты қатты шығарып қарқылдап күлмеу; ешкім жоқ болса да, ұятсыз нәрселерге қадалмау; қай жерде жамандық болса, сол жерден тез кету. Жамандықтарға азғындық пен ішімдік мысал бола алады. Ер де, әйел де ұятқа мұқтаж. Ұят көзден басталады. Көзді тыйым салынған жерлерге қадамау, орынсыз сөздерді естімеу және орынсыз сөздерді айтпау – ұят. Тәнді ашпау – ұят. Ұяттың нағыз орны – жүрек. Жүрекке орынсыз ойлар келуінен ұялу – ұяттың негізі. Өзінің және өзгенің сырын айтпау – ұят. Өзінің және өзгенің айыптарын жасыру – ұят. Өзін мақтамау, мақтау талап етпеу, мақтаудан қысылу – ұят. Біреулермен айтыспау, жанжалдаспау – ұят. Басқалардың сыртынан сөйлеуден ұялу – ұят. Ұят пердесі тез күйеді. Күйгеннен кейін оны қайтару мүмкін емес. Адам баласы әдебі мен ұятын тексеріп тұрса, оны жоғалтпайды, егер ұят керек жерлерде жүректе ұялу сезімі болмаса, ол үшін көп жылау керек. Кім білсін, сол жылау себепті Құдай ұят нәсіп етер. Бүгін әдеп пен ұят туралы айту ыңғайсыз. Өйткені әдеп пен ұят бүгінгі халімізден ұялып, қашып кеткен болар еді. Бізге ең керегі – әдеп пен ұят, бірақ әлемде тұқымы құрып бара жатқан өмір ағашы – әдеп пен ұят.

Акром МАЛИК

1 550рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    СЕГІЗІНШІ ТАРАУ

    Үшінші бөлім Ене Ене дегенде, біз мұнда келіннің қайын енесі туралы айтамыз, күйеудің қайын енесі келесі бөлімдердің бірінің тақырыбы болады. Ене әйел адам болғандықтан әйелдерге…

    4 мин

    Перзент тәрбиесі – адам өміріндегі ең негізгі мәселелердің бірі. Әр халықтың өзіне тән ойлау жүйесі,…

    Мұндай отбасыларда тәрбиенің жаңа әдістері ізделмейді; ата-ана балама қалай қарым-қатынас жасайын, қалай тәрбие берейін деп бас қатырмайды, онда әулеттің ішкі ережесі мен үлгісі…

    2 мин

    Неге кейде алдымен күшті махаббат, кейін жиіркеніш пайда болады? Махаббат – бір тараптың екінші тарапқа…

    Махаббаттың пайда болуын зерттеуде мынадай сөздер бар екен: махаббат кемелдік себепті оянады, яғни бір адамның белгілі бір мәселедегі шеберлігі, білімі, мінезі жүректе оған деген…

    4 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.