Махаббат
Бұл адам бақытқа қарсы құрбан болуға келген,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Бұл адам бақытқа қарсы құрбан болуға келген,Жақсылардың ғышқында бітуге келген.Әлемде махаббаттан бөлек мағына жоқ депӨліктер арасында айғай салуға келген.Амал не, зұлымдық, қаһар, ашу басқан әлемге,Азап пен ауыр сыздар, қасірет басқан әлемге,Сондай адамдар кенет келіп қалғай жүк болып,Әй, достар, жақсылар үшін мола қазған әлемге.Бұл адамға әркімнің жапасы да дайын,Басына келер сауда базары да дайын.Мейір-махаббатынан соншалық безбеңіз,Тез барар мекені - моласы да дайын.Бұл соншалық жаман, жақсылықтан тыйылмас,Болаттай берік, маламаттан жемірілмес.Жүрегіне жүз шаншыңыз, қан ақса, иншаАлла,Тәнінен басқа еш топыраққа жайылмас.Мейірінен безсеңіз егер бауырын тілгейсіз,Көркем, хош иісті болса гүл, бір-бірлеп жұлғайсыз.Жалықтырса қызметі, ұнамай қалса жігері,Сабыр етіңіз, бауырым, өледі, құтылғайсыз.Акром МАЛИК22.07.2024.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.