Отан
Екі дария сол, жер де сол,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Екі дария сол, жер де сол,Абыройлы салтанат, мүліктердің ізі.Әулиелер мектебі болған бұл өлке,Ұлы бабалардың жеңілмес сөзі.Ат үстінде өткен сергек өмірі,Қорқыныш не екенін білмеген батыр.Жүректе палуан бабалар есі,Бірі Жалаладдин, бірі Байсұңқар.Ақиқат ғашықтығынан мас, мастана,Жалғыз Тәңірге табынған жандар.Рухтар әлеміне аттанып,Ұрпағынан ерлік сағынған жандар.Шайтан азғыруына ілінбеген еш,Нәпсі итін мойнынан байлаған, асқан.Ер мен ерендерді жар, туыс тұтып,Ғашық пен адалдық тақтасына қанмен жазған.Нәпсісін топырақтай аласа, төмен көріп,Жүрегін көктерге шақырған.Нәбилер жолымен ерлікпен жүріп,Жүзінде әулиелік нұры жарқыраған.Шаш пен Самарқанд бұл, Хиуа, Бұхара,Әндіжан, Наманған, ұлы Хорезм.Сұраса, жер мен көкті, ғаршыларды сұрап,Тек биіктерге бет алған жандар.Пәк топыраққа пасық дұшпандарАрам аяқтарын басқанда кенет –Опасыздық жасаса да өтірікші, жалақорлар,Хақтың үнінен хабардар тұрған.Ешқашан хақ жолдан, азаттық жолынанТаймаған, қайтпаған ұлы халық бұл.Жау тынбай үрсе де оңы мен солынан,Ұлы таулар секілді салмақты көтерілер ол.Түркістан жүрегі, түркінің абыройы,Исламның тірегі, Хақтың туы –Мауараннахр бұл – достар мақсаты,Жер жүзін нұрландырған ирфан шырағы.Қандай күйге түссең де, құламадың сен,Қанды, даңқты жылдарды өткердің ұзақ.Бойың аспанмен болсын, мейлі, тең,Шын тегің кім – ұмытпа бірақ.Қандай айла жасаса да шайтан құлдары,Дәжжалдар мекермен шашса да барын!Ей, көне өлкенің сұңқар, бүркіттері,Өлімтікті шоқып тойдырмаңдар қарын.Пәктік, ибалылығың – құтылу әрі қанат,Опа, махаббат – бәрінен таза.Қаласаң жойылмас, мәңгі өмір,Ең көне бұлақтардың көздерін тап.Тәуелсіздік – зұлымдықтан қан жұтқан ата,Әжелер жүрегінің аһ-пәриядысы.Қанша айналаңда тыпырласа да дүние,Есіңнен шықпасын бабалар есі!Бабалардай бол – арлы, қуатты,Хақтың дидарына ғашық, ынтық!Сонда азаттығыңа жетпес зақым,Сонда болар мемлекет биік, берік!Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.