Иман
Жаттап үйренуге болар сөздікті,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
1Жаттап үйренуге болар сөздікті,Жаттаса, жатталар қағидалар.Бірақ оқуларда таппаймын хикметті,Алайда пайдалар хикметте ғой.Жомарттық сабағын қай жоғары оқу орныНемесе қай мектеп берер, ей, дос?Опаға үйретіп, жүрекке тілектесБол деп үлестірер кімдер ұят, дос?Шіркін, оқысақ қой ынталы болыпМейірім туралы оқулықтарды.Инсап пен диянат ішінде не сырларБолса, білсек жарқын жолдарды.Бірақ мұны оқыту мүмкін емес, сондықтанМектепте бұл жайлы сабақ өтілмейді.Бірақ рухыңның ішінде сұрақ сол,Рухқа бұдан басқа гүл ұсынылмайды.Яғни рухың шат болуы үшінОған ұят деген гүлдерді бер.Ғашықтар алаңсыз өлуі үшінКөзіне опадан нұрларды бер.2Тәңірім, Саған мадақ, мақтаулар шексіз,мен Сенің құлыңмын, Иемсің Өзің.Әлемде тәнімді ұстап тұрған текСенің рахметке толы илаһи Сөзің.Құл сүйсе иесін, мойынсұнар,Күнә далаларынан болар алыста.Сүйген сүйгенінен не күтсе де,Бәрін тәтті білер, айрылыста болса да.Сүйген сүйіктісіне ұқсауды қалар,Сүйген сүйіктісіне ерер әр сәт.Көкірегін күйдіріп пәрияд пен аһтар,Сүйіктісінің есін көрер сырлас.Сен жақсылық жасаушы Затсың, Құдайым,Бірақ ешкімнен күтпейсің жауап.Мейірім түсірдің жүректерге әрдайым,Пенденің мейіріміне мұқтаж болмадың.Саған бас имей күнәһар нәкастарНе айта алса, айтты да істеді.Сен болса жолдадың уахиден үндер –Адасқандар үстіне шапағат жауды.Тәңірім, Өзің мені тәрбиеле –Жақсылық күтпестен жақсылық жасайын.Мейірімді болмысыма қасиет ет,Мейірімге дәмелі болмайын, күлейін.Зұлымдық жауса да басыма толық,Жаныма жетсе де ащы азап,Жүзімде күлкі түрлі гүл ашып,Залымыма шапағат етсем тартулық!Өйткені Сен Рахмансың, Сенсің Сәлам,Сен Халим иесі, Сабурсың, күмәнсіз.Сенің рахметің – илаһи сөз,Әлемді нұрландырған ән-Нұрсың, күмәнсіз.Қаһһарсың, қаһарыңнан қорқамын, Тәңірім,Ғазабың алдында қорқамын мүлде.Нәпсім үшін ешкімге көрсетпей қаһарым,Өзің жалғыз Патша, Өзің жалғыз Хақ!Әлемді мейірімге, нұрға толтырсам,Шапағат көшеттерін ексем түні-күні.Еркің алдында басым иілген,Мүмкін, шапағатыңа жетермін бір күн…Мүмкін, Саған ғашық құлдар қатарында,Мүмкін, Саған мойынсұнған пенделер ішіндеКел десе махаббаттың мәңгі көктемі,Кереміңе тізе бүксем таңданыстан дірілдеп…Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.