Өмір
Дұшпанның арсыз ләшкері емес,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Дұшпанның арсыз ләшкері емес,Қоршаса, нығметтер қоршады тек.Біз болсақ көңілге жасадық тор,Шүкір ету тым болды машақат.Тыныш сәттер бізге жетпейді әсте,Көзіміздің нұрына тағатымыз жоқ.Тасқынымыз әсте таппас соңын,Ісіміз – жүректерге қадау оқ.Өмір сыйлаған тыныс та тіпті,Тәнімізге сіңген алуан тағамдар –Ешбіріне күліп қарамаймыз әсте,Құлап түспей ме аспандар – шатырлар!Жарқыраған күн – қаралы күй,Түндегі айдан да таппаймыз ләззат!Сәлемге әлік алу да ауыр,Өйткені қуануға зәредей себеп жоқ!Таңның көркемдігі, күндіз жігері,Кештің сырлылығы, түннің сиқыры;Амандықты мекен, достар қызметі,Ата-анамыздың міндетсіз мейірі –Ешбірі қуанышқа тұрмас, һайһат,Мүдам зар, ашу бізге әдет.Әрдайым қыламыз дат-уай мен пәрияд,Сірә тоқтамаймыз бір сәт, сағат.Көзге кім көрінсе, сол жаман,Қасымызда жүрген кісілер де – нәкас.Біз айтқан сөздерден басқа сөз жалған,Біз – күн, өзгелер – топырақ, тікен, қоқыс.Жүрек жаралауды еттік күндегі зікір,Сабыр мен шүкір бізге дұшпан, дұшпан.Тіпті өзімізге емеспіз жанашыр,Әрі тұрыңыз, бізді ұстамаңыз, құшпаңыз!Бұл істер, бұл жағдай, ей адамзат,Шайтанның мінезіне еліктеу тұтас.Жақсы, толқып тұр әлі өмір,Тірідей жанбадық, болмай жатырмыз күл!Ләззаттар, рахаттар құшағында тәнЕгер шексе бір рет кішкене азап –Неге жақсылықтар құрметі үшінКішкене сынаққа да бере алмас төзім?Неге ұсақ ғамды таудай көреміз,Бірақ таудай қайғыға салмаймыз назар?Жаһаннам отына өзімізді ұрамыз –Жәннат жаққа қылып мүбәрак сапар?!Раббым, қаһарыңнан бізді қорғай гөр,Саған бүлік етіп, халіміз аянышты...Халіміз – сұмдық, тастап қоймағыл,Рахметіңді бізге ет тірек!..Амандық бауырында, зікір бағында,Сабыр көшетінен бергейсің өнім!..Шүкірсіз пенделерді тәубе шағындаШүкір нығметіне жеткізгейсің!Әрине, көмілсе де байлыққа, малға,Нәпсісінің қолында болғанша жапа шегуші –Шүкірді ұмытып сұмдық халгеТүскен пенде, демек, бәрінен мақұрым!Бірақ жемек үшін бір үзім наны,Ішуге бір кесе суы болса, болды –Шүкірді өзіне әдет қылса кім,Жаһанда онша бай адам болмас!05. 09. 2024.Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.