Даналық
Әлемнің істері өткінші мүдам,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Әлемнің істері өткінші мүдам,Яғни бұл әлемнің өзі сияқты.Қаласаң бақытты жасауды тамам,Бар бақытты болудың ескі сырлары.Өмірдің мәні мен адам өмірі,Жүректің тыныштығы мен ақыл жайлыЖаңа сөздерде жоқ рухтың құтылысы,Тек ескі сөздер – өлмес ақида.Егер парақтасаң, көне кітаптар,Ескі қаламдардың төккен сиясы –Адам затына қылып үндеулер,Дер: «Адам – дүниенің мәжбүр жиһанкезі!Саяхат қылады бұл мекен ішінде,Уақыттың дәлізімен жүріп барады.Өлім деп аталған мекенге дірілдеп,Жүрегі мазасыз соғып барады.Қолдар ұстай алмас, көрмес көз қарас –Құлаққа естілмес даусы бақыттың.Ішіңнен күйдіріп шығады аһтар,Бірақ қандай түсті бояуы бақыттың?!Мұны білу үшін еш мүмкін жоқ,Ақыл шегіне сыймас бақыт сыры.Бірақ кімнің ниеті ақ болса –Жүзінде жайнағай сағадат нұры.Бақыттың мекені – отбасы, күмәнсіз,Отбасы аспанында бар ай мен күн.Отбасысыз зұлмат – өмір майданы,Ал отбасының тамыры – төзім.Ерді күн десек, ай болар әйел,Перзенттер – бұл көктің жұлдызы – гүлі.Осындай бақытымен бай болар әйел,Тұрарлық, жасаса әрдайым күліп!Бақыттың қорғанын сақтамақ үшінЕрлі-зайып күрескей жауынгердей.Егер күреспесе, шайтан бір күніЖүректі өлтірер жүзін шаншып.Ердің ісі – білім мен хикмет,Түн-күн әкелігін ұстау есінде.Отбасы керуенінің ол басы, әлбетте,Қиямет күніне дейін жол бар алдында.Ердің қадамынан жарқырасын оттар,Көздері қайсарлықпен жайнасын.Қандай кемшілік болса, ер оны бүтіндер,Әр сәт керуенін нұрға шақырсын.Ал әйел ше? О, әйел! Әй, нәзік жаратылыс,Нәзіктігі ішінде күші жасырын.Сен туралы үлкен ақиқат –Ақиқатыңды ұғу мүмкін емес ешқашан.Кейде мейірімді оятасың сен,Кейде махаббаттың бұлағысың.Дүние сенімен тар, сенімен кең де,Азап зынданы мен бақыт бағысың.Біл, жаратылыстың хикметі сондай –Сені ерге бағынышты жаратты Құдай.Бірақ гүлдей көркем етті және деЕрді саған қарай бұрды Құдай.Ермен толықсың, ермен кемелсің,Ермен өмірің айқын, нұрлы.Ермен бойың тік, тұлғаң сергек,Ермен табарсың құн, мәртебе-шан.Еріңді қуант, көңілін қолға ал,Көзін қуант, бүлік етпегіл.Жүзіңді гүл ет, сөздеріңді бал,Сенде махаббат нұры болсын айқын.Алданба шайтанның айласына еш,Іздеме тыныштықты басқа мекеннен.Жүректен әрбір түйінді шеш,Ерге көңіл бер шын жүректен, шыннан.Сабыр қыл кейде келсе үйіліп,Самалдай есуі саған байланған.Лақтыр тәкаппарлықты нәпсіңнен жұлып,Бақытты жасауға өзің бел бу!Сен құрбан бол, әлбетте, ер құрбан болғай,Оны еркіне қой, ер ғой ол, ақыры.Мойынсұнудан әйел егер айрылса –Өмірін етер ащы әрі зәр.Асығу мінезін таста, өтінем,Сабыр арқанын ұстауды үйрен.Асыққандар азаптан болмаған азат,Сабыр еткен ғана рахат көрген!Уәсуәса түнінде қалып адаспа,Кезбе тасқынның аңғарында сен.Ашу отында сүттей тасыма,Мүмкін емес – ермен болу саған тең.Жай ғана мойынсұн, қаруың болсын –Мейір отымен жанған оғың – наз.Күлкіңмен жүзің толсын,Дөрекі болма әсте, жұмсақ қыл дауыс.Зердең өткір болсын, парасатың – жүйрік,Нәзіктікті киім ет мінезіңе.Ерің от болып жанса қай кезде,Айнал сол сәтте-ақ жаңа келінге!Жаса еріңе рахат беріп,Әмір берме оған, берме көп сауал.Сонда бақыт аталған гүлдерді теріп,Өтерсің дүниеден бақытты, шат-хал».Бұл ескі дүниенің ескі бір сөзі,Бірақ бақыт кілті осы ескі сөзде.Кімнің болса көңілде ұлы мақсаты,Бұл хикметті сүртсін ардақтап көзге.Көздеріміз мұңлы, көңілдер – қара,Негізі орын жоқ мұндай ғамдарға.Дүние сапарында жүрген, әй жиһанкез,Жеңілме көптерге не аздарға.Дүниеде сәкинат, ақырет үшінЖәннат сарайларын бүгін тұрғызғайсың.Жылама, бауырыңды қан етпегіл,Мәртебелі мінез үстінде берік тұрғайсың!19.09.2024.Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.