Отан
ТЕМІР ТҰЗЫҚТАРЫ ЖЫРЫ
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
1ХамдӘлемнің патшасы Өзіңсің, Алла,Қиямет күнінде мүлдем Әмірші.Сенен тілейміз әрдайым пана,Сенен басқа біздің кіміміз бар?!Хақ – Сенің үкімің, мүлік – Сенің мүлкің,Саған бағынған шаһ пен қайыршылар.Мойын бұрғанның тағдыры сол:Қорлық, сұмдық, аһ, уай-уайлар.Сен кімге қаласаң, бердің салтанат,Қаласаң, әр кімнің қолынан алдың.Адам талап етсе тәж бен тақ, дәулет,Оны әурешілік даласына салдың.Тәж бен тақ, дәулет Сенің алдыңдаАдамның абыройы, құрметі емес.Ғибадат пен тақуалықты ұлы деп жаздың,Бұларсыз ешкімге құрмет келмес.Саған тақуа болған, Сені сүйгендерЖаһан шаһтарынан абзал.Алдыңа иіліп, жылап келгендерМахаббат жамынан ішкендер азалда.Затыңа ант етемін, Мәликул-Құддус,Дүние салтанатының құны жоқ.Сені сүйіп жасын төккен әрбір көздіңЕкі әлемде әзиз екені хақ.Шын мәнінде, Жер жүзінің сұлтандары –Әділет туын ұстаушы жандар.Олар – мейірімнің қорғандары,Жәбірленгеннің аһына жетуші жандар.Патшаларға бердің үкім мен пәрменді –Әділ үйін етсін деп абат.Рахмет нұрымен бүкіл жаһандыЖарықтап, халыққа сыйласын құтылу.Кім бұл істерді етсе орындап,Берекеге толы мүмкіндіктер бердің.Патша болғанда үкіміңе қайыршы,Оған құдірет пен жақындық бердің.Жерде өмір сүргелі адамзат,Күш-қуатта ұлы шаһтарды көрді.Бірақ әрбірінің соңында, әттең,Өкінішке толы аһтарды көрді.Бір әлсіз пендеге тәж сыйлап,Тақ пен құдіретке жеткізген Өзің.Ақыры дәрменсіз, қор, қайыршы етіп,Шексіз салтанатыңды білдірген Өзің.Құдайым, біз Сенен сұрамадық тәж-тақ,Салтанат құмарлығына етпе мұбтала.Саған құл болуға бергенбіз ант,Бізге махаббатыңды бер, бер антқа опа.Өзіңе бағындыр, жеңімпаз қыл нәпсіден,Шайтанмен күресте бергейсің жеңіс.Бір күн шыққанда рух бұл тордан,Ақырет жолымызды ет қатерсіз!Қабірімізді нұрға толы ет,Азаптарды бізден ет жырақ.Өзің халімізді жақсы білесің –Қияметте ет жүзімізді ақ!..Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.