Махаббат
Сені маған біреу жаман десе егер,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Сені маған біреу жаман десе егер,Өзін жаман деп білемін, ярым.Сен туралы біреу айтса суық хабар,Жанын суырып аламын, ярым.Саған телісе кіші не үлкен,Ауыр не жеңіл бір күнәні!..Мәңгілік бет бұрып одан, әлбетте,Тіпті тыңдамаспын жүз куәні.Өйткені мен үшін сен сүйіктісің,Жақсы сүйіктінің әрбір ісі.Пәктік гүлзарының пәк гүлісің,Бұған күдік қылғай арам әр кісі!Өйткені сүйіктісінен күдіктенген жанҚып-қызыл өтірікші махаббат жолында.Сүйгенін қорлар көмгенде, қайран,Үнсіз тұрған пасық нәпсі иірімінде.Әр жасаған ісінен азық жеп барарӘркімнің түсінігі, парасаты, ақылы.Сол себепті барлығын өзіндей көрерӘлемде пәк, арам істердің иесі.Саған таңба салған кісілердің өзіСаған жала жапқан істерге қатысты.Сені нұрдай көрер жүрегімнің көзі,Бірақ мұны көрмес даныш пен ақылды.Махаббатымды пәк ұстасам, жоқ қасіретім,Өйткені таза ғашықтықты қабыл етер Хақ.Сенімдімін, пәк ғашықтығымның ақы-құрметіСені тазарта берер Құдайым мүлдем.Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.