Тіл

Өмір адамның қолынан берік ұстап, алып бара жатыр. Адам жас баладай оның соңынан еруге мәжбүр. Бірақ жағдайды…

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

Өмір адамның қолынан берік ұстап, алып бара жатыр. Адам жас баладай оның соңынан еруге мәжбүр. Бірақ жағдайды… — фото

Өмір адамның қолынан берік ұстап, алып бара жатыр. Адам жас баладай оның соңынан еруге мәжбүр. Бірақ жағдайды сәл трагедиялық етіп суреттесек, мынадай көрініс шығады – өмір адамның мойнына шынжыр салып, сүйреп барады.

Бәлкім, көтеріңкі сурет салсақ ше – адам өмірдің алдына түсіп, ойнақтап жүгіріп бара жатыр. Одан да биікке шығайық – адам өмірді өзі жетелеп алған. Өмір – адамға уақыттың бір бөлігінен жұлып берілген үзінді емес пе? Онда бәрінің өмірі орасан уақыттан бөлшек-бөлшек етіп кесіп алынған ба? Әлде ол уақыт дариясынан өлшеп берілген су ма? Бәрі оны ішеді ме? Бәрінің қолында ыдыс – ыдысқа уақыт суы құйылған, ішіп-ішіп таусамыз.

Бұл суды не лайлайды? Араздық па? Көреалмаушылық па? Надандық па? Арамдық па? Осыған ұқсас бәрі лайлайды. Сонда біз лай су ішіп жүрген болып шығамыз ғой! Адамның тәнінің ішінде рухы өмір сүреді. Тәннің бір жерінен кішкене тесік ашылса, рух сол жерден шығып кетуі мүмкін. Шарға қамалған ауа кішкене тесіктен тез шығып кеткені сияқты, рух та тәндегі кішкене тесіктен шығады.

Егер сол жер тез емделмесе, жамалмаса, рух сол тесіктің айналасында қиналады. Себебі рухтың тәннен шығуы өте азапты өтеді екен.

Біреумен қарым-қатынасқа түссек, шын мәнінде, оның рухымен сөйлесеміз. Біреуді ұмыта алмасақ, оның рухын ұмыта алмаймыз. Тән алысқа кетсе, рух сол торда кетті, ал сенің тордағы рухың өзі сүйгенге жете алмай тыпырлап, тордың шыбықтарына өзін құстай ұрады.

Біз рухымызға өмір деп аталған суды араздық пен көреалмаушылық, ашкөздік пен нәпсіқұмарлықпен лайлап ішкізсек, оның халі не болатынын елестетіңіз. Ауырлығымыз бен енжарлығымыз, әлсіздігіміз бен күйзелісіміз рухымыздың науқастығынан.

Біз оған у ішкізіп, осы халге салдық. Оны тазарту үшін зікір дәрісін ішейік. Тынымсыз зікір дәрісін ішейік.

Адам рухын ақылы мен ізгі амалымен қорғамаса, оны шайтан шынжырлап алады, нәпсі билейді. Бір жағынан нәпсі, бір жағынан шайтан шынжыр салған рух мүсәпір күйде ыңырсиды. Тән не істеп жатқанынан бейхабар, не істесе, істей береді. Не десе, дей береді.

Бір-бірімізге рақым етпесек, Алланың рақымынан үміт етуіміз бекер. Бір-бірімізді кешірмесек, Құдай мені кешіреді деп ойлау пайдасыз.

Бір-бірімізге көмек бермесек, Құдайдан көмек күткеннен нәтиже болмайды.

Құдайды сүйемін деген адам Ол жаратқан нәрселерді сүймесе, сүйіспеншіліктен құр қалады.

Құдайдың достарын дос тұтпаған Құдайдың достығын таппайды.

Рақым тілеген рақым көрсетуі, кешірім тілеген кешіруі, көмек қалаған көмек беруі және сүйіспеншілік тілеген сүюі, достықты армандаған дос бола алуы шарт.

Сонда өмір суы таза болып, оны ішсек, уланбаймыз. Уаллаһу ағлам.

Акром МАЛИК

2 410рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    Тұрақты және тұрақсыз

    Бір сұрақ ортаға шығып қалды: тұрақсыз адамның қасиеттері қандай болады? Тәжірибеден шыға отырып айтылды: тұрақсыз адам жағдайды толық ескермей шешім қабылдайды. Содан кейін тез…

    2 мин

    ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУ

    АЖЫРАСУ Бұл тарауда қалам тербеу оңай болмады. Себебі мәселе өте нәзік. Рисаланы жазудан мақсатымыз – ажырасулардың алдын алу және отбасы беріктігіне қол жеткізу. Сол себепті…

    6 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.