Тіл

АЛТЫНШЫ ТАРАУ

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

АЛТЫНШЫ ТАРАУ — фото

АЛТЫНШЫ ТАРАУ

ОТБАСЫН ҚҰРУ

Екінші бөлім Келін таңдау

Алдыңғы беттерде айтылған сөздерді қайталаймыз: ұл үшін адал жұбайын таңдап, алып беру – ата-ананың парызы. Отбасын құрудың, яғни әйел алудың бірнеше жолы бар: бірінші жол – ер адамның өзі өзіне әйел табады. Екінші жол – басқа бір кісі, оның ұстазы, досы немесе құрметті адамдар әйел тауып береді. Үшінші жол – ата-ана тауып береді. Ер адамның, яғни алғаш рет үйленіп жатқан жігіттің өзіне өзі әйел табуы – кіндігін өзі кесуі. Мұндай жағдай екі ахуалдың бірінде орын алады: не жігіт жетім өскен болуы керек, сонда ол бұл істі істеуге мәжбүр қалады. Не ата-ана ескілердің жолын ұмытып, немқұрайдылық танытып, өзіңе өзің әйел тап немесе көз астыңа біреуін алып жүр деп тапсырады. Үйлену жасына жеткен жігіт, мейлі, 25, тіпті 30 жаста болған жағдайда да, онда өзіне әйел таңдау ілімі жеткіліксіз болу ықтималдығы жоғары. Егер ол көше-көйден өзіне жар іздейтін болса, қате таңдау жасап қоюы мүмкін. Нәтижесінде өз әйеліне риза болмай өмір сүреді немесе қысқа уақыт тұрып, ажырасып кету қаупі бар. Бұдан бөлек, ер әйелінің барлық қасиеттері мен мінезсіздіктеріне көніп өмір сүрген жағдайда да, туылатын перзент жарамсыз ананың қолында қалып, қиналады. Мысалы, тілі жаман, дүниеқұмар, шаруаға икемсіз, парасатсыз, надан әрі шегін білмейтін әйелдің баласы болудай мұсибат әлемде жоқ. Әйелдің мінезі, негізінен, анасының көрінісі. Бірақ бойдақ әрі тәжірибесіз жігіт әйелдердің мінезі мен айырмашылығы туралы қайдан білсін? Сондықтан көп жағдайда ата-ананың келін таңдауды өз мойнына алғаны, ұлдардың да бұл мәселеде оларға мойынсұнғаны жақсы. Келін таңдауда мына қағидаларға назар аударудың пайдасыз емес екенін өмір тәжірибесінің өзі көрсетіп келеді: 1. Келіннің қай өңірден – жерден екені маңызды. Жақсы жерде жақсы мінез бен береке болады. Жақсы жерде – жақсы қалада, жақсы маһаллада және жақсы ауылда өскен қызда береке бар. Өйткені ортаның өзі негізгі тәрбие ісін атқарады. 2. Келін жақсы отбасынан болуы керек. Жақсы отбасы – ата-анасы тиянақты, кәсібі бар, ілімді немесе ілім иелерінің жанкүйері; адал кәсіп-өнермен айналысқан; жаман атқа ілінбеген отбасы. Бір қыздың өсіп-жетілуі үшін кемінде 18 жыл қажет деп алсақ, ата-ананың жақсы-жаман екені, отбасының жағдайы осы 18 жылда айналаға күндей айқын болып қалады. Яғни 18 жыл отбасының өзін танытуы үшін жеткілікті. Кез келген отбасы туралы сол отбасы тұратын маһалла сенімді мәліметті 18 жылда қажетінен артық деңгейде біліп болады. Әкесі өтірікші, арамтамақ, залым болса; анасы тәрбиесіз, өсекші, ғайбатшы болса, мұны бәрі біледі. Мұндай отбасынан жақсы бір қыздың өсіп-өнуі қиын, қыз қанша актрисалық жасап, әдемі киініп, оқыған әрі сыпайы кейіпте өзін оқуда немесе жұмыста көрсетпесін, отбасындағы тәрбие оның ешкім көрмейтін жағында сақталып, дамып отырады. Оның сыртқы түріне алданып, керемет қызға үйлендім деп ойлаған жігіттің бір айдаһарға тап болуы түк емес. Сондықтан қыз өскен отбасын сұрастыру керек, өйткені бұл сенімді әрі жақсы өмірлік жар табуды үлкен ықтималдықпен қамтамасыз етеді, әйел отбасында көрген тәрбиесін ерінің алдында да қайталайды. Егер үйінде анасы иттей арсылдап, әкесін жерге ұрып жүрген болса; ерді құрметтемейтін бір әйелдің қызы болса, мұндай қыздың жүрегінде ешқашан ерге құрмет пен махаббат болмайды; ол да анасының ісін өзі құрған отбасында үлкен бір пасықтықпен, терең бір азғындықпен жалғастырып, дамытады. Демек, қыздың жақсы отбасынан екені – ең маңызды фактор екен. Сондай-ақ, егер қыз әлі де келін болып өмір сүріп жатқан ананың қызы болса, яғни олардың отбасы әлі тұтас болып, бөлек бөлініп шықпаған болса, нұр үстіне нұр. Енесі бар әйелдің балалары, үлкен ықтималдықпен, алтын болады. Өйткені жақсы ене мен қайын ата – отбасы әдебі мен мінезінің кепілі.

3. Келінді өзіне тең мәртебелі отбасынан іздеу керек. Яғни ілім адамдары өздері сияқты ғалымдардан келін алсын, диқандар диқаннан, сауда иелері саудагерден, байлар байдан, кедейлер кедейден, орта дәулеттілер орта дәулеттіден қыз алуы ескі әдет пен қағидалар қатарына жатады. Бір қыздың жаңа отбасына келіп, тамыр жайып кетуі – күрделі құбылыс. Теңдік қағидасы ұстанылса, қыздың жаңа шаңыраққа бейімделуі қиындықсыз өтеді, өйткені тәрбиеде, іс-қызметте, дүниетанымда ортақтық бар. Байдың еркетотай өскен қызы кедейдің жағдайына бейімделіп кете алмайтыны – өте анық бір өмірлік ақиқат. Ілім иесінің қызы оқымағандардың отбасына келін болып түссе, бұл отбасындағы дөрекіліктен жапа шегеді. Кедейдің қызына үйлену де екі тарапты қинайды: ең алдымен, жайлылықтар келін болғанның мінезіне жаман әсер етуі мүмкін; ол өзін бұл ортада қалай ұстау керектігін білмей қалады; бай ене оған менсінбей қараудан өзін тыя алмайды. Жалпы алғанда, теңдік – ең маңызды мәселе. Тең емес отбасылардың құда-андалығы өмір бойы екі тарапты ыңғайсыз жағдайға қояды. Тек өте сирек жағдайда ғана мұндай мәселе болмауы мүмкін. Дүниетаным мен қаржылық теңдікті әрдайым басым мәселе ретінде білу керек. Сондай-ақ тек факторы да бар. Халық арасында тегі жағынан ұлықталатын отбасылар өздері сияқты тектіні таңдаса, абырой мен отбасылық мұраға айналған салттарын сау сақтап қалады. Қыздың барлық қасиеттері отбасы мен тектен. Қыз жақсы отбасынан болса, тіпті ерке өскен болса да, кейбір үй шаруасын білмесе де, тіпті тамақ пісіруге олақ болса да, жаңа шаңырағында оларды үйреніп кетуде қиналмайды. Өйткені онда текпен келе жатқан қабілеттер бұл мәселеде басымдық береді. Яғни ол отбасына қатысты істерге тез қолы үйреніп, жөнін тауып кетеді. Жақсы әрі сау әйелден жақсы әрі сау балалар туады. Мінезді әрі әдепті әйел мінезді әрі әдепті балаларды тәрбиелеп береді. Әйел тіпті оқымаған болса да, егер ғалымның қызы болса, ғалымдыққа қабілеті бар баланы дүниеге әкеле алады. Осымен келін таңдауға қатысты сөздерімізді аяқтаймыз. Келіннің тұрмыстық істері – еңбекқорлығы, шаруа жүргізуі және басқа қырлары отбасында қалыптасатындықтан, оны таңдауда негізгі фактор болып саналмайды, кездесуге шығатын күйеу келіннің сыртқы келбетіне көңілі толса, жеткілікті; жақсы отбасының қызы жақсы әйел бола алады. Күйеулер қазіргідей кездесулерге шығып, үміткермен қанша былшылдасса да, осы айтылған қағидаларға сай келін таңдалмайынша, ешқашан лайықты жұпты таба алмайды. Сондықтан құрметті ата-аналар ескі қағидаларды қайта тірілтсін және бұл мәселеге өте байыпты қарасын.

Акром МАЛИК

2 330рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    Адамдардың көбі өздері қалаған нәрсеге сенеді. Өздері ақиқат деп білген нәрсе үшін дәлел іздейді. Жүрегіндегі…

    Мұндай мысалдарды тағы келтіруге болады: әлемдегі барлық жаратылыстың ішінен от та, ауа да, су да табуға болады және т.б. Айтпағымыз: әр нәрсенің сырты ол туралы ақиқатты…

    3 мин

    Ақиқат бәрінен биік тұрады.

    Жақында мектепте оқушы мұғалімге қол көтерді және бұл үлкен дау-дамайға айналды. Сонда оқушылар қалайша осы деңгейге дейін жетті деген сұрақ мені ойландырды. Және мектептерде ер…

    4 мин

    Дүние ахлы – дүние ахлының қарама-қарсысы – Хақ ахлы. Яғни Хақ иелері. Олар – дүниемен ісі болмаған, тек Хақ…

    Хақ ахлы бұл дүниені тәрк етушілер емес. Олар дүниені бір көлік, арба немесе кеме ретінде елестетушілер. Бұл нәрселердің әрқайсысы адамның мақсатқа жетуі үшін қызмет еткені…

    2 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.