Өмір
Көбінесе селт етемін кенет,
Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа
Көбінесе селт етемін кенет,Бүкіл болмысымда ойнайды діріл.Есік қағылады, қағады жаман ниетті,Іздеймін ішімде жағуға шырақ.Есіктің артында тұрған сол жанныңТіпті кім екенін білгім келмейді.Қанша түрлі-түсті болсын, бірақ өмірдіңТікенді бағында күлгім келмейді.Есік артындағы жаннан қорқамын,Алып кету үшін келгендей бейне.Айнада өзіме өзім қараймын,Қандай түссізсің, әй, сұр дүние!Жүрегім жараланған – ағады қаны,Нәпсім төмендіктен сөйлер хикая.Тасып науқас рухтың аһ пен зары,Кейде сапарына тілер соңын.Сүйдім сұлуларды қор, қоқыс болып,Бәрі бір-бір кетер, жүрек – керуен сарай.Іші пәриядқа толып кетті,Бірақ қонақтарға бар әрдайым орын.Келіп кеткен көп, бірақ еш бір жанКөрмес дерт-қасіреттің шикізатын.Үй иесі жомарт, берік ниетті,Көрсетпес ешкімге зар-мұңын.Аяқ асты болса бұл бейшара кісі,Әр өткен, әлбетте, өтсе тепкілеп;Бәлкім, жақсылық осы, ғажап емес,Тағдыр ұндай етсе күн сайын електеп.Мейлі, сәнқойлар, мейлі, ұшқандар,Мейлі, сыр ашуға төзе алмағандар.Дүниені еркелетіп, сүйіп құшқандар,Бір күн көздеріңізді суарсын көз жас.Өйткені қаңсып қалған көзден қайыр жоқ,Ол әсте жарықтамас көңіл бөлмесін.Сізге бір нүктеден өзге серуен жоқ,Бірақ жүрегіңіз бір күн қансырасын.Сонда көзіңізге көрінер өмір,Сонда естірсіз есіктен тық-тық.Кетуді қаламай, етіп аһ пен зар,Бірақ қалғыңыз да келмейді мүлде.Акром МАЛИК
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып пікір жазыңыз.