Тіл

ОН ЖЕТІНШІ ТАРАУ

Өзбек тілінен аударма · Түпнұсқа

ОН ЖЕТІНШІ ТАРАУ — фото

ОН ЖЕТІНШІ ТАРАУ

ЖЕТІМДЕР

Елестетіп көріңіз: бір топ балалар шуылдасып ойнап жүр. Дауыстарымен әлемді басына көтереді. Бірдеңелерді таласады, өздігінен секіреді және тағы басқа. Бірақ олардың арасында бір бала үнсіз басын иеді, жоқ, ол да ойнайды, бірақ күлкісі сынық. Батылдығы төмен. Оған бірдеңе жетпей тұр.

Сосын кенет балалар: «Әкетай! Әке!» – деп жүгіреді. Бірақ әлгі бала ешқайда жүгірмейді. Жараланған балапандай мөлтілдейді. Себебі ол жүгіргенімен пайдасыз екенін біледі. Себебі ол әкесінің келмегенін жақсы түсінеді. Себебі оның әкесі жоқ. Шынымен әкесі болмаса, мейлі ғой, оның анасы мен әкесі ажырасып кеткен. Алдымен айқай-шу шығарған, бәлкім, әкесі анасын ұрған шығар, бәлкім, ұрмаған шығар, кейін анасы жылап-еңіреп біреуге қоңырау шалған. Біраздан соң атасы мен әжесі келіп, «Көшеде қалған қызымыз жоқ!» – деп немересі мен қызын көлікке салып алып кеткен. Осымен ол үйде баланың әкесі туралы өсек басталған. Әңгімелер тек оның зұлымдығы мен жамандығы туралы болған.

Бала бұларды есіне алмас, бәлкім, алар. Бірақ ол ес біле бастағанда, әкесі жоқ еді. Үйінде нағашысы бар, атасы бар, әжесі бар, бірақ әкесі жоқ. Қызық, бәрінің әкесі бар, оның әкесі жоқ еді.

Бала өсті. Мектепке барды. Әкесі жоқ, анасы ажырасқан деп айтатын. Мектептен балаларды әкелері келіп алып кететін, бірақ оның әкесі ешқашан келмейтін. Анасы күн көремін деп жұмыс істейтін, сол себепті баласына уақыт бөле алмайтын, себебі оның жұмысы көп еді.

Жалғыздық жаман екен – анасының басы бос болғандықтан, оған еркектер сөз сала-сала, ақыры біреуі үйленді де. Бала жаңа «әкенің» үйіне баруға қатты қорықты. Амалсыз барды. Жаңа «әкенің» қабағы себепті анасы оны тез ұйықтатып, жаңа «әкені» ренжітпеуге тырысатын.

Бала болса мойнын ішіне тығып өсті. Ақыры болмады, ол қашанғы осылай жүремін деп өзін еркіне жіберді. Ештеңеден қорықпайтын болды. Қалаған жеріне барып, қалаған жерінен келетін, анасының сөзіне мүлде құлақ аспайтын. Бірте-бірте әкесі туралы сағыныш та сөнді. Ол енді әке деген адамның мейірімі болатынын мүлде білмейтін.

Соңғы естігендерге қарағанда, ол бір төбелеске араласып қалыпты, пышақ жепті, бірақ жазылған соң, бәрібір кінәлап, түрмеге қамап жіберіпті, ол кезде ол енді он сегіз жаста еді. Бәрі дерлік оның әкесіз өскенін және тәрбиесіздігін айтты, бірақ ешкім отбасы машақатына шыдамаған әке-шешені және қызы мен немересін ерлік жасағандай көлікке салып кеткен, сол сәтте долданып шыққан шал мен кемпірді еске алмады. Ешкім сол кезде: «Әй, балаларым, ұрыспаңдар, татуласыңдар, тату өмір сүріңдер!» – деп айтпаған еді және бұл сөздің айтылмағаны себепті сол отбасы ыдырап кеткенін ешкім ойламады.

Жетім екі түрлі: нағыз жетім және тірі жетім. Нағыз жетімді Құдайдың өзі панасында сақтайды, бірақ тірі жетім – қор жетім. Тірі жетім – өзімшіл әрі тәрбиесіз, сабырсыз әрі ойсыз үлкендердің қылмысының құрбаны.

Нағыз жетім – тағдыр. Жетіммен қарым-қатынас жасау қиын. Себебі оның көңілі нәзік. Ол бір сөзге көнбейді, жарты сөз оған жетпейді. Ол әрдайым дерлік көңілінде өксікпен өмір сүреді. Жылдар бойы оның жарасы оны мейірімсіз бір адамға айналдыруы да мүмкін. Жетімнің ыстық тамағы, жұмсақ наны, таза киімі, кең төсегі болмайды. Оның жасты көзі, өксік көңілі, бүкір иығы, иілген басы және ащы өткені болады.

Жетімді баққан, оны оқытқан, тәрбиелеген адам – жәннаттық. Себебі жетім өсіруден асқан машақат әлемде жоқ.

Бұл тараудағы жалғыз сөзіміз: баланы тірі жетім етпеңіз! Перзентіңізге рақым етіңіз!

Акром МАЛИК

2 040рет қаралды

Пікірлер

    Басқа мақалалар

    Дүниенің ауыр жүгі – қайғы. Ол жүректі шаршатады, рухты қалжыратады, тіпті болдырған рух өзін тастап…

    Ең жақсы дос – сен үшін қайғы жұта алатын дос. Шын мәнінде, сенің қайғыңды бірге көтерісетін адам дос деп аталады. Адам үшін қайғының себептері көп. Ең ауыр себептердің бірі –…

    1 мин

    Ертегі

    (Әңгіме) Бір адам қырық жасқа толыпты. Тәні күшке толып, ақылы кемеліне жетіпті. Қолынан келмейтін іс жоқ екен: тауды ұрса, талқан қылады екен. Себебі ол текті отбасында…

    2 мин

    Шындықтың құны

    Бұл дүниенің өтірікке толып-тасығанын білесің бе? Себебі өтірік тәтті. Шындық – ащы. Өтірік – нәпсінің талабы, шындық – Хақтың талабы. Пенде дүниеге Хақты сүю үшін келді. Ал Хаққа…

    1 мин

    Сайтқа кіру

    Реакция қалдыру, пікір жазу және баптауларды сақтау үшін кіріңіз.

    Жалғастыру арқылы сіз пайдаланушы келісімі мен құпиялық саясатына келісесіз.